23 шілде 2018 20:03

Денис Тен туралы атышулы жазбаны жариялаған 25 жастағы мұғалім жұмыстан шығамын дейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© uralskweek.kz © uralskweek.kz

Inatagram желісінде Денис Тен туралы атышулы жазбаны жариялаған 25 жастағы мұғалім Шерхан Байзенов жұмыстан шығуға дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды "Уральская Неделя"


Inatagram желісінде Денис Тен туралы атышулы жазбаны жариялаған 25 жастағы мұғалім Шерхан Байзенов жұмыстан шығуға дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды "Уральская Неделя"

Айта кетейік, Байзенов өткен аптада автоұрылардың қолынан қаза тапқан Олимпиада чемпионы Денис Теннің суретін салып, кісі өлтіргендердің ісін құптап жазба жариялаған. Жазбасында ол "қытайларды өлтіру керектігін" айтады.

Байзеновтың жазбасы әлеуметтік желілерде шу шығарып, қазадан қайғырып жатқан жұрт мұғалімнің әрекетін сөккен. Кейінірек жазба авторының БҚО-дағы Белес ауылында мектеп мұғалімі екені анықталды. 25 жастағы мұғалім физика пәнінен сабақ береді. 

Осыдан кейін мұғалімнің үстінен шағымдар түскен, тіпті ол оқытатын балалардың ата-аналары шағымданып, баласын оған оқытқысы келмегенін мәлімдеген. Осыдан кейін Байзенов мектеп директорына кіріп, жұмыстан шығуға дайын екенін айтыпты.

Ал түсіп жатқан шағымдардан кейін БҚО ІІД өкілдері Шерхан Байзеновты полиция бөлімшесіне шақырып, жауап алған. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, мұғалім ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети