Денис Теннің өлімі: Оқиға орнына бірінші жеткен полицейлер сотта куәлік берді

08 Қаңтар, 12:58
0
Денис Теннің өлімі: Оқиға орнына бірінші жеткен полицейлер сотта куәлік берді - видеодан үзінді
видеодан үзінді

Денис Тен пышақ жарақатын алған уақытта оқиға орнына бірінші болып жеткен полицейлер сотта куәлік етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.

Куәгер ретінде бірінші болып Алматы қаласы Түрксіб АІІБ жол-патрульдік полиция взводының командирі Ердос Еркінбек келді. Ол оқиға болған кезде Масанчи көшесінде тұрғанын айтты. Айта кетейік, оқиға Құрманғазы және Бәйсейітова көшелерінің қиылысында болды. 

"Таңертең Масанчи көшесіне қоғамдық тәртіп күзетіне тұрдым. Шевченко - Бәйсейітова көшелерінің қиылысында пышақ жарақатын салғаны туралы хабар түсті. Рациядан ести сала, лезде сол жаққа қарай аттандым. Қабанбай батыр көшесімен, сосын Абылай хан көшесімен тез жету үшін қарсы бағытта жүрдім. Сонымен қатар, баңыттамаларды беріп отырдым", - деді ол. 

Еркінбектің айтуынша, Абылай хан жағынан оқиға орнына келгенде, ол кәмелетке толмаған балалар инспекциясының қызметкерін көрген. Ол біреудің артынан қуалап бара жатқан. 

"Ол артқа қарай жүру керектігін айтты. Мен тоқтадым да, кері бұрылдым, сосын онда ешкім жоғын айттым. Содан кейін ол көлікке отырды. Оқиға орнына жеттік. Жол бойы ол маған күдіктілердің қандай киім кигенін айтты, мен рация арқылы бағыттама бердім", - деді полиция қызметкерлері. 

Полицейдің айтуынша, рациядан хабар жеткен уақытта ол оқиға орнына төрт-алты минутта жеткен. 

"Онда бес алты адам тұрды, зардап шеккен адам қансырап жатты. Оның кім екенін бірден білмедім, себебі олет бетімен жатты. Кімде дәрі қорап барын сұрадым. Шевченкода тұрған адамнан алдым. Жедел жәрдем ұзақ жүргендей болды. Олар 10-12 минутта жетті. Рация арқылы жедел жәрдемді жылдамдату керектігін айттым", - деді ол. 

Сондай-ақ, сот алдында екінші куәгер - Алматы қаласы Алмалы аудандық АІІБ жол-патрульдік полиция қызметкері Сержан Адалбай келді. Ол оқиға орнынан алыс емес жерде болғанын, рациядан хабар естіген уақытта 10 минутта жеткенін айтты. 

"14:30-да Бәйсейітова - Құрманғазы көшелерінің қиылысында төбелес болып, артынша пышақ жарақатын салғанын естідім. Жақын жердегілердің барлығы тартылуын айтты. Мен Мұқанов - Құрманғазыда болдым. Оқиға орнына 10 минутта жеттім. Оқиға болған жерді қоршауға алдық, себебі адам көп болатын. Кафе қызметкерлері жарақатты емдеу үшін спирт алып келді. Жедел жәрдем төрт минуттан соң келді. Жедел жәрдем кетті, оқиға орнын қоршауға алдық. Жақын маңда автоәйнек салынған сөмке жатты. Командир жақын маңда тұрған көліктердің бірінің әйнегі болуы мүмкін екенін айтты. Сол аймақты қарап шыққаннан кейін, Құрманғазы көшесінде әйнегі жоқ Lexus автокөлігін көрдік. Ол жерді де қоршауға алдық", - деді полицейлер. 

"Мен оқиға орнына жеткенде взвод командирі Еркінбек пен кәмелетке толмаған балалар инспекциясының маманы болды. Қалғаны күдіктілерді іздеуге кетті. Зардап шеккен адам із-түссіз жатты. Ең жақын тұрған куәгер: "Жігіттер ойнап, алысып жатыр екен", - деп ойлаған. Олардың бірі құлағанда ғана жағдайдың ушыққанын түсінген. Полицияны шақырған. Негізгі күдікті балалар алаңында тағы да куәгерлердің болғанын айтты. Алайда біз оларды таба алмадық. Оқиға орнында тек бір адамның ғана жауабын алдық", - деді полицей.

Оның жетістігі біреуге кедергі болған шығар - Денис Теннің анасы

Арман Құдайбергенов ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігі 2-тармағы ("Ұрлық") бойынша, 192-баптың 2-бөлігі 1,4-тармақтары ("Қарақшылық") бойынша, 99-баптың 2-бөлігі 7,8-тармақтары ("Адам өлтiру") бойынша айыпталып жатыр. 

Нұралы Қиясов ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-бөлігі 1, 4 -тармақтары ("Ұрлық") бойынша, 99-баптың 2-бөлігі 7,8-тармақтары ("Адам өлтiру") бойынша айыпталып жатыр.

Жанар Толыбаева ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігі 1-тармағы ("Ұрлық") бойынша және 434-бап бойынша ("Қылмыс туралы хабарламау") айыпталып жатыр.

Жай көлік айнасын ұрлау екеніне сенбедім - Денис Теннің анасы

Қылмыстық іс 38 томнан тұрады.

Еске салайық, биыл 19 былтыр Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.

Адвокат: Денис Тен тапсырыспен өлтірілді

Кейінірек Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында даңқты мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің құрметіне ескерткіш орнатылатыны хабарланған еді. Сондай-ақ, оған "Халық қаhарманы" атағын беру ұсынылған болатын.

Сондай-ақ, мұның алдында ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Денис Теннің өлімі бойынша жүргізілген тергеудің аяқталғанын мәлімдеген еді.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай