16 қаңтар 2017 | 11:44

Денсаулық сақтау министрлігі Instagram желісіндегі жалған аккаунтқа шағымданды

© Tengrinews.kz

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Instagram желісіндегі жалған парақшаға шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Instagram желісіндегі жалған парақшаға шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Instagam әлеуметтік желісіндегі "Денсаулық сақтау министрлігі" деген аккаунттар жалған болып саналады.

Реклама
Реклама

"Оларда жарық көрген кез келген ақпарат Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің (әрі қарай - ҚР ДСӘДМ) ресми ұстанымы болып табылмайды. Бүгінгі таңда ҚР ДСӘДМ-нің аталған әлеуметтік желіде ресми парақшасы жоқ. Сондықтан ҚР ДСӘДМ ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігіне тиісті шараларды қабылдау мақсатында хат жібереді", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Айта кетейік, minzdrav.rk аккаунты Instagam әлеуметтік желісінде "жаппай жұққан ауру жайлы" және "паразиттерден құтылатын зат" жайлы жарнама жасаған. Сондай-ақ, аккаунтта бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекованың суреттері жарияланған. 




Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная