26 сәуір 2021 18:10

Денсаулық сақтау министрлігі QazVac вакцинасы туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: gov.kz Фото: gov.kz

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі QazVac отандық вакцинасы қауіпсіз екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство сайтына сілтеме жасап.


Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі QazVac отандық вакцинасы қауіпсіз екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство сайтына сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, QAZVAC вакцинасының қауіпсіздігі зерттеу нәтижесінде расталды.

"QAZVAC вакцинасын клиникалық зерттеудің I-II фазасының нәтижелері бойынша есептер және III фазасының аралық есебі оның қауіпсіздігін растайды.

QAZVAC уақытша тіркеу куәлігі 2020 жылдың 31 желтоқсанында берілген болатын. Қазақстандық вакцинаны сынаудың үшінші кезеңі Хаттамада көзделген зерттеу субъектілерінің 50 пайыз белгісінен өтті және оны биыл 25 маусымда аяқтау жоспарланып отыр. Осыдан кейін QAZVAC тиімділігін толық бағалау жүргізіледі.

Вакциналардың клиникалық зерттеулері, соның ішінде III фазада, бүкіл әлемде жүріп жатыр. Ресей Федерациясы "Спутник V" зерттеулерін 2021 жылдың мамырының басында аяқтауды жоспарлап отыр, ал әлемдегі көптеген фармацевтикалық компания өз зерттеулерін 2022-2023 жылдары аяқтайды", - делінген хабарламада.

Қалыптасқан эпидемиялық жағдайға байланысты коронавирус инфекциясына қарсы вакциналарды медициналық қолдануға жедел жіберу туралы шешім әлемнің көптеген реттеуші органында қабылданатыны айтылды.

"Вакцинация аурудың таралуымен күресудің ең тиімді әдісі және ұжымдық иммунитетті қалыптастырудың сенімді әдісі болып қала береді. Бұл ретте, вакциналарды қолдануға рұқсат етудің қысқа мерзіміне қарамастан, олардың сапасы мен қауіпсіздігін тексеру мұқият және барлық талаптарды сақтай отырып жүргізіледі", - деді ведомство өкілдері.

Хабарламада вакцинациядан кейін жағымсыз реакциялар анықталса, "пайда-тәуекелдің" қолайсыз арақатынасы туралы деректер алынса немесе өнертабысқа я пайдалы модельге үшінші тұлғалардың айрықша құқықтарын бұзу туралы күшіне енген сот шешімі болса вакцинаны уақытша тіркеу тоқтатыла тұруы немесе жойылуы мүмкін екені жазылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.25   490.7   4.96 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети