Денсаулық сақтау министрлігі "Спутник V" вакцинасының жанама әсері туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министрлігі "Спутник V" вакцинасының жанама әсері туралы айтты Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті "Спутник V" вакцинациясынан кейін қазақстандықтарда пайда болған жанама әсер туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті "Спутник V" вакцинациясынан кейін қазақстандықтарда пайда болған жанама әсер туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Комитет ресми сауалға жауап ретінде Қазақстан бойынша бірінші компонентпен 170 мыңнан аса адам, екінші компонентпен 60 мыңнан аса адам егілгенін хабарлады.

"Екпеден кейін елеулі қолайсыз жағдайлар тіркелген жоқ. Болжамды әсер вакцинациядан өткендердің шамамен бір пайызында тіркеледі. Жалпы саны - 1 501 адамда. Бұл барлық екпе салдырғандар санының 0,9 пайызы. Оның ішінде жанама әсер - 959 адамда, қалыпты жағдай - 542 адамда тіркелген", - деді ведомство өкілі.

Комитет 1 сәуірден бері өңірлерге "Спутник V" вакцинасының 150 мың дозасын жеткізу жұмысы жүргізіліп жатқанын айтты. Сәуірдің ортасында коронавирусқа қарсы вакцинаның 2,5 миллионнан аса дозасын жеткізу жоспарланған.

"Халықтың осал тобына кірмейтін адамдар вакцинаның жаңа партиясы келіп түскеннен кейін, шамамен сәуірдің екінші жартысынан бастап екпе салдыра алады", - делінген комитет жауабында.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігінде QazCovid-IN коронавирусына қарсы қазақстандық вакцинасын салдырған еріктілерде қандай жанама әсер пайда болғанын айтқан еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 505.17  course up  598.8  course up  6.58  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети