23 ақпан 2022 13:44

Денсаулық сақтау министрлігі "Спутник Лайт" неге Қарағанды фармацевтикалық кешенінде өндірілмейтінін түсіндірді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек саясаты департаменті Қарағанды фармацевтикалық кешенінде "Спутник Лайт" вакцинасының өндірісі неге кешігіп жатқанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек саясаты департаменті Қарағанды фармацевтикалық кешенінде "Спутник Лайт" вакцинасының өндірісі неге кешігіп жатқанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазіргі таңда "Қарағанды ​​фармацевтикалық кешені" ЖШС "Спутник Лайт" вакцинасын шығаруға дайын. Алайда Ресей Федерациясынан зат жеткізілмегендіктен "Қарағанды ​​фармацевтикалық кешені" ЖШС алаңында "Спутник Лайт" вакцинасының өндірісі басталмады", - делінген ресми жауапта.

Ведомствода бұған дейін эпидемиологиялық жағдайға байланысты "Қарағанды ​​фармацевтикалық кешені" ЖШС Денсаулық сақтау министрлігіне "Спутник Лайттың" 150 000 дозасын тегін бергенін атап өтті. Биылғы жылдың 19 қаңтарынан бастап 150 мың доза республика өңірлеріне жөнелтіліп, ревакцинация үшін пайдаланылды.

Коронавирус инфекциясының алдын алуға арналған "Спутник Лайт" векторлық вакцинасының жарамдылық мерзімі 6 ай.

Еске салайық, "Спутник Лайт" - ревакцинация үшін қолданылатын бір компонентті вакцина. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети