06 желтоқсан 2023 13:02

Депутат Әнипа Назарбаеваның бизнесі туралы айтты: "Бір орын 10 мың долларға сатылған"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев палата отырысында Алматыдағы "Кенжехан" базарындағы саудагерлер шағымын айтты. Мәжілісменнің айтуынша, олар бұрын өз орындарын сатып алған, қазір олардан қайтадан ақша талап етіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев палата отырысында Алматыдағы "Кенжехан" базарындағы саудагерлер шағымын айтты. Мәжілісменнің айтуынша, олар бұрын өз орындарын сатып алған, қазір олардан қайтадан ақша талап етіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сәрсенғалиев сатушылардың шағымын айтты, онда базар бұрын тұңғыш президенттің қарындасы Әнипа Назарбаеваның меншігінде болғаны айтылған. Оларға әрбір контейнер 10 мың долларға сатылған көрінеді. Алайда, сатып алу-сату шартына ешқашан қол қойылмаған.

"Құжат талап еткендерді:"Біз базарға мәңгі иелік етеміз, уайымдамаңдар", деп қайтарған. Саудагерлердің айтуынша, аталған базарда мыңға жуық контейнер бар", - деді Сәрсенғалиев.

Депутаттың айтуынша, былтыр базар 640 миллион теңгеге сатылып, жаңа қожайындары сатушылардан тағы да өз сауда орындарын сатып алуды талап еткен. Қайта төлегендерге тек келісімшарт берілген. Сонымен қатар, сатушылар енді олардан ай сайынғы жалдау ақысы алынатынын айтады. Ал ақша төлеуден бас тартқандарға контейнерлерді жауып, пломбалауға уәде беріліп отыр.

Депутат Бас прокурор Берік Асылов пен қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың атына жолдаған сауалында қаржы жинау және жұмыс орындарын жабу әрекеттерінің заңдылығын тексеріп, қажетті шаралар қабылдауды сұрады. Депутат еліміздегі қалған барлық базарлардың жұмысын тексеру қажет деп есептейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети