26 ақпан 2014 | 16:56

Депутат Балуан Шолақтың насихаты төмен екендігін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қожахан Жабағиев фото parlam.kz Қожахан Жабағиев фото parlam.kz

Мәжіліс депутат Қожахан Жабағиев Балуан Шолақтың туғанына 150 жыл толуына орай оған қатысты деректерді толықтырып, мәдени шараны қолға алуды сұрады деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Балуан Шолақ – заманында қазақ ән өнерінің тамаша орындаушысы, насихатшысы бола жүріп, қазақтың әншілік өнерін өркендетуге үлкен үлес қосқан композитор. Балуан Шолақтың жиырмаға жуық әні болғанымен, бүгінгі күнде олардың халық арасында насихатталуы төмен. Ақындық қыры мүлде зерттелмеген", - дейді Қ.Жабағиев. Үкіметке жолдаған сауалында депутат Балуан Шолақтың өмірбаяны жөнінде зерттеулер әлі күнге нақтыланбағанын айтады. Қазақ руханияты мен мәдениетінің қалыптасуында орны бар тұлғаның дүниеге келген жері мен қайтыс болған жылына қатысты әртүрлі деректерді нақтылап, 150 жылдық мерейтойы қарсаңында осындай жұмыстар атқарылса деп тілек білдірді. "Балуан бабамыздың өз ұлты үшін жасаған күрескерлік қайраткерлігін қазіргі ұрпақтың біле бермейтіні қынжылтады. Өйткені, Балуан Шолақтың ұлт-азаттық көтерілісіндегі орны да анықталмаған. Ол туралы ұлтымыздың көрнекті жазушысы Сәбит Мұқановтың "Балуан Шолақ" повесінде және белгiлi жазушы, драматург Дулат Исабековтің "Жаужүрек" атты туындысында айтылғанымен, мұны жеткіліксіз деп есептейміз", - деді Қожахан Көкірекбайұлы Үкіметке жолдаған сауалында. Сонымен қатар, Мәжіліс депутаты Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайының алдына балуанның ескерткішін орнатып, ол туралы көркем және деректі фильм түсіруді қолға алу керектігін алға тартып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети