Депутат Қазақстанда сауда орталықтары үшін салық демалысын енгізуді ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Депутат Қазақстанда сауда орталықтары үшін салық демалысын енгізуді ұсынды Фото:depositphotos.com

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев сауда орталықтары үшін оларды реконструкциялау кезеңінде салық демалысын енгізуді, сондай-ақ сауда жылжымайтын мүлік иелеріне арнайы салық режимін қолдануға рұқсат беруді ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәжіліс депутаты Азат Перуашев сауда орталықтары үшін оларды реконструкциялау кезеңінде салық демалысын енгізуді, сондай-ақ сауда жылжымайтын мүлік иелеріне арнайы салық режимін қолдануға рұқсат беруді ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Депутаттық сауалында Перуашев Шымкент, Қарағанды, Семей, Орал және Астана кәсіпкерлері сауда ойын-сауық орталықтарына келушілер санының азаюы мен сатып алу белсенділігінің төмендеуіне шағымданып жатқанын жеткізді.

Олардың айтуынша, бұл дүкендер мен жалдау бизнесі табысының төмендеуіне әкеп соқтырады. Кәсіпкерлер мұның бір себебі ретінде сауда орындарын жалдау қызметін арнайы салық режимін (АСР) қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлері тізбесінен алып тастауды атайды.

Алайда Перуашев мәселе салыққа ғана байланысты емес деп санайды. Оның пікірінше, сауда орталықтары онлайн-сауданың, маркетплейстердің, қашықтан сатып алу мен жеткізу қызметінің қарқынды дамуына байланысты келушілерін жоғалтып жатыр. Депутат қосымша фактор ретінде халықтың сатып алу қабілетінің төмендеуін де атап өтті.

"Сауда кешендері келушілер санының азаюына, жалға алушылар қатарының сиреуіне, бос алаңдардың көбеюіне және инвестициялық тартымдылықтың төмендеуіне тап болып отыр", - деді мәжілісмен.

Депутат сауда орталықтары мен соған сәйкес инфрақұрылым құрылысына миллиардтаған теңге инвестицияланғанын атап өтті. Бұл ретте мұндай нысандар жұмысымен жұмыс орындары, салық түсімдері, отандық өндірушілер мен жеткізушілер қызметі тығыз байланысты.

Сауда орталықтарын қайта форматтау ұсынылды

Перуашев бизнеспен бірлесіп сауда орталықтарын қайта форматтаудың жеке бағдарламасын әзірлеуді ұсынды.

Депутаттың пікірінше, сауда ойын-сауық орталықтарын біртіндеп көпфункционалды қоғамдық кеңістіктерге айналдыру қажет. Онда қосымша балалар және спорт аймақтары, аттракциондар, фитнес-орталықтар, сауықтыру және білім беру мекемелері, компьютерлік клубтар, фуд-корттар мен басқа да сервистер пайда болуы мүмкін.

Алайда мұндай трансформация ғимараттарды реконструкциялауды және бос алаңдарды қайта жабдықтауды қоса алғанда, қомақты шығынды талап етеді.

Осыған байланысты депутат мынадай шараларды қарастыруды ұсынды:

  • нақты сауда орталықтары үшін реконструкция кезеңінде салық демалысын беру;
  • ғимараттарды реконструкциялау мен қайта жабдықтауға қолжетімді несие беру;
  • бизнестің баламалы бағыттары бойынша ұсынымдар әзірлеу;
  • ғимараттар мен сауда кеңістіктерін қайта құру бойынша үлгілік шешімдер дайындау;
  • бағдарламаға қатысушылар үшін мемлекеттік қолдау шараларын енгізу.

Сонымен қатар Перуашев ЭҚЖЖ 68204 - "Сауда жылжымайтын мүлкін жалдау және басқару" қызмет түрі үшін арнайы салық режимін қолдануға рұқсат беруді ұсынды.

Мәжілісменнің пайымдауынша, уақтылы қабылданған шаралар жұмыс орындарын сақтап қалуға, сауда инфрақұрылымының рентабелділігін арттыруға және сауда орталықтарының жаңа жұмыс форматына көшуіне көмектеседі.

Еске сала кетейік, 2026 жылдан бастап Қазақстанда жеңілдетілген декларация негізіндегі жаңартылған арнайы салық режимі қолданысқа енді. Үкімет бұл режимді қолдануға тыйым салынған қызмет түрлері тізбесін бекітті.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 489.39   565.39   6.76 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +29
Астана +27
Ақтау +27
Ақтөбе +30
Атырау +33
Б
Балқаш +30
Ж
Жезқазған +31
Қ
Қарағанды +29
К
Көкшетау +29
Қ
Қостанай +30
Қызылорда +31
П
Павлодар +30
Петропавл +31
С
Семей +31
Т
Талдықорған +30
Тараз +33
Түркістан +27
О
Орал +29
Ө
Өскемен +32
Ш
Шымкент +28

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер