10 ақпан 2021 17:23

Депутат мектептерде қазақ тілін үйрету сапасына назар аударуға шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліс депутаты Наталья Дементьева білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке мектептегі қазақ тілін үйрету мәселесіне қатысты сауал жолдады. Ол орыс тілді мектептерде мемтілді үйрету мәселесіне назар аударуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәжіліс депутаты Наталья Дементьева білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке мектептегі қазақ тілін үйрету мәселесіне қатысты сауал жолдады. Ол орыс тілді мектептерде мемтілді үйрету мәселесіне назар аударуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Оқушылар қазақша еркін сөйлеп, қазақ тілінде өз ойын еркін жеткізе алуы үшін мұғалімдер тарапынан айтылым (ауызша) тапсырмаларын сабақ үдерісінде жиі қолдану, оқушының ауызекі сөлеуіне басымдық беру, осығаг қол жеткізуге мүмкіндік жасайтын әдістерді әзірлек керек. Қазақ тілі оқулығындағы ауызша, оқылым, жазылым, тыңдалым тапсырмалары тақырыптарға сай келуін бір жолға қою керек. 

Әрбір мектепте қазақ тілін еркін меңгеру және оны күнделікті өмірге толыққанды енгізу үшін тілдік орта құру қажет. Осыған байланысты әрбір мектепте Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тілдік практикасын енгізу туралы мәселені қарау орынды болар еді. Түптің түбінде қазақ тілінің қазақстандықтардың ортақ тіліне, ұлтаралық қатынастағы тілге айналатын уақыты келеді. Сол мақсатқа бастайтын қадамдарды, осы бастан қолға алу қажет. Әзірге оны қолдан жылдамдатудың, осы мәселені оңайлатудың қажеті жоқ", - деді депутат. 

Депутаттың сөзінше, әлі күнге дейін орыс тілді мектептердің түлектері қазақ тілін еркін меңгермеген. Наталья Дементьеваның айтуынша, жыл сайын жаңа оқулықтар шығарылады, қаражат бөлінеді, әдістеме мен жаңа мазмұн толықтырылады, бірақ "орыс тілді оқушылар арасында қазақ тілін меңгеру деңгейі әлі де төмен".

"Оқулықтардың сапасы сын көтермейді, тапсырмалар өте күрделі. Қарапайым сөйлеу дағдылары жоқ балаға көптеген күрделі грамматикалық тапсырма беріледі. Құрметті Асхат Қанатұлы, біз қазақ тілінің орыс тілді мектептерде оқытылуы сапасына мемлекеттік деңгейде мән берілуі міндетті деп санаймыз. Осы депутаттық сауалымызда көтерілген мәселені барынша жан-жақты қарастырып, заңда көзделген тәртіп бойынша жауап қайтаруыңызды сұраймыз", - деді Наталья Дементьева.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети