22 желтоқсан 2021 13:35

Депутат ұлттық компаниялар мен БЖЗҚ-ның шетелдік активтері туралы мәліметтерді жария етуге шақырды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Айқын Қоңыров қазақстандықтардың отбасы бюджетінің тапшылығы 35 пайызға дейін өсіп, оны несиемен жабуға мәжбүр болғанын, ал ұлттық компаниялар мен БЖЗҚ кірісі төмен шетелдік активтерге ақша салып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Айқын Қоңыров қазақстандықтардың отбасы бюджетінің тапшылығы 35 пайызға дейін өсіп, оны несиемен жабуға мәжбүр болғанын, ал ұлттық компаниялар мен БЖЗҚ кірісі төмен шетелдік активтерге ақша салып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжілісмен премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловқа жолдаған депутаттық сауалында, елімізде инфрақұрылым мен ел экономикасын дамытуға қаражат жетіспейтінін, бұл шетелдік несиелерді тарту және шетелдік инвесторларды үнемі іздестіру қажеттілігіне әкелетінін айтты. Ал бұл азаматтардың жағдайына әсер етеді.

"Қазақстанда отбасы бюджетінің орташа тапшылығы 35 пайызға жетеді. Азаматтар оны тұтынушылық несиелер мен банктердегі, микроқаржы ұйымдарындағы несиелер есебінен жабуға мәжбүр. 2021 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша халыққа берілген кредиттердің жалпы көлемінің 9,6 триллион теңгесінің 58,1 пайызы - тұтынушылық кредиттер.

Ел ішінде күрт қаржыландыру тапшылығы жағдайында біздің ұлттық компаниялардың басқа елдердің экономикасына инвестиция салуы немесе қаржыны шетелге орналастыруы алаңдаушылық туғызып отыр", - деді депутат.

Мысал ретінде ол "Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы - QazTech Ventures АҚ-ның стартаптарды дамыту үшін сингапурлық венчурлік қорлардың біріне 10 миллион доллар инвестиция бағыттаған салымдарын келтірді.

"Соңғы уақытта ЖЗҚ инвестициялар портфелі шет мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздарына едәуір салым салды:

Мексика - 10,6 миллиард теңге;
Катар-18,3 миллиард теңге;
Колумбия-6,4 миллиард теңге;
Кувейт-4,7 миллиард теңге;
Сауд Арабиясы-31,5 миллиард теңге;
Марокко - 13,6 миллиард теңге.

 Американың мемлекеттік қарызына инвестициялар 0,05 пайызға төмендеді, ал қалған елдер бойынша орташа өлшенген мөлшерлеме жылдық 3,3 пайызды құрады", - деді Қоңыров.

Сондай-ақ, депутат шетелдік жобаларға инвестиция салу нәтижелерінің тиімділігі туралы ақпараттың жоқтығына, келеңсіз салдарға әкеп соқтырған шешім қабылдаушылардың жауапкершілігіне шағымданды.

"Бұл қаражат ел ішінде әлдеқайда көп пайда әкеліп, сыртқы қарыздарды төмендетуге, жергілікті стартаптарды және басқа да қажетті жобаларды дамытуға ықпал етер еді.

Соңғы 10 жылда ұлттық компаниялардың қандай активтері бар және қандай активтерге ие болғаны, басқа елдердің экономикасына қанша ақша салынғаны, инвестициялаушы компанияны, инвестицияланған жобалардың сипатын, олардың табыстылығын немесе шығынын көрсете отырып, ақпарат беруіңізді сұраймыз", - деп депутат Смайыловқа жүгінді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети