17 ақпан 2021 12:53

Депутаттар жаңа заң жобасында судьяларға қысым көрсету құралы барын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Мәжіліс депутаттары "Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы" Конституциялық заңға енгізілген түзетулер судьяларға қысым көрсетуге ықпал етуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәжіліс депутаттары "Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы" Конституциялық заңға енгізілген түзетулер судьяларға қысым көрсетуге ықпал етуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжілісмен Альберт Рау Қазақстан Конституциясы бойынша судья сот төрелігін жүзеге асыру кезінде тәуелсіз және ол тек Конституцияға бағынатынын атап өтті. 

"Бұл судья тәуелсіздігінің басым қағидаты. Бірақ заң жобасына өзгеріс енгізіледі, оған сәйкес облыстық соттардағы басқа сот алқалары төраға ұсынысы бойынша Жоғарғы соттың жалпы отырысының шешімімен құрылады және таратылады. Бұл тәсіл қаншалық дұрыс?",- деп сұрады депутат пленарлық отырыста.

Оған Жоғарғы соттың судьясы Аслан Тукиев бүкіл сот жүйесі жалпы отырыстың шешіміне бағынады деп жауап берді.

"Оған қоса, біз, әрине, мұндай конфигурацияны талап етпейміз", - деді Аслан Тукиев.

"Жалпы, бұл мәселе облыстық соттар деңгейінде шешіледі. Бұл жасалып жатқан жұмыс үлкен мәселе. Жоғарғы сот төрағасының ұсынысы бойынша Жоғарғы соттың жалпы отырысының шешімі. Біздің ойымызша, бұл дұрыс емес, өйткені ол негізгі принципті бұзады. Бұл жағдайда осы деңгейдегі төрағаға да, судьяларға да қандай да бір қысым құралы пайда болады.

Енді тәуелсіздік туралы не айтуға болады? Депутаттар мен бейінді комитет заң жобасын  пысықтау туралы мәселені дұрыс көтерді деп санаймын. Осыны ескере отырып, екінші оқылымға дейін осы нормаларды пысықтау қажет", - деді Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин.

Сондай-ақ түзетулер Жоғарғы сотта әкімшілік істер жөніндегі алқаны құруды және Жоғарғы сот төрағасы мен судьяларының лауазымына кандидаттарға қойылатын талаптарды өзгертуді көздейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети