26 ақпан 2014 | 13:05

Депутаттар Жириновскийдің сөздерін ресми түрде жоққа шығаруды талап етіп отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото today.kz сайтынан Фото today.kz сайтынан

Парламент Мәжілісінің депутаттары сыртқы істер министрлігін Ресей Мемлекеттік думасының вице-спикері Владимир Жириновский мен оппозизионер Эдуард Лимоновқа Қазақстанға кіруге тыйым салуға үндеп отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осыған орай депутат Николай Логутов сыртқы істер министрлігінің басшысына арналған сұрау хатты оқып берді. "Біз Қазақстанның сыртқы істер министрлігін Жириновский мен Лимоновтарды Қазақстан Республикасының аумағына кіруге тыйым салынған азаматтардың тізіміне қосуға үндейміз. Бұл ретте көп ұлтты және көп конфессиялы халқымыздың бірлігі еліміздің негізі жетістігі екенін ерекше атап өткен жөн. Ал Лимонов пен Жириновскийдің мәлімдемелерін қаскөйлер өз мүдделі үшін пайдаланып кетуі әбден мүмкін. Біздіңше, Ресей Федерациясының ресми өкілдері Жириновскийдің намысқа тиетін сөздерін көпшілік алдында жоққа шығаруы тиіс", - деді Н.Логутов. Депутат өзінің сұрау хатында атап көрсеткендей, Жириновскийдің жұрт алдында сөйлеген сөздері екі ел халықтарының тарихи бауырластығына және мемлекетаралық ынтымақтастыққа кірбің түсіреді. "Жириновский мырза осы іспетті мәлімдемелерін ашық айта отырып, партияның (өз партиясы - авт.) атынан біздің Тәуелсіздігіміз бен егемендігімізге қол сұғып отыр", - дейді Н.Логутов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети