01 ақпан 2022 18:31

Депутаттар, министрлер мен әкімдердің жалақысын көтеруге қатысты мораторий: қаулы қабылданды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Үкімет Парламент депутаттарының, Үкімет мүшелерінің және әкімдердің жалақысын көтеруге қатысты мораторий жариялау туралы қаулы қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.


Үкімет Парламент депутаттарының, Үкімет мүшелерінің және әкімдердің жалақысын көтеруге қатысты мораторий жариялау туралы қаулы қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасын орындау барысында "Парламент депутаттарына, Үкімет мүшелеріне және барлық деңгейдегі әкімдерге еңбекақыны арттыруға мораторий енгізу туралы" қаулы қабылданды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында "Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" қаулыға өзгерістер енгізілді.

Құжат жекешелендіруге жататын мемлекеттік активтерді іріктеу критерийлерін бекітуді көздейді. Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның жекешелендіру туралы шешімдері мемлекеттік мүлік және квазимемлекеттік сектор субъектілері тізілімінің веб-порталдарында жарияланады.

11 қаңтарда Мәжіліс отырысында сөйлеген сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет мүшелерінің, депутаттар мен әкімдердің жалақысы былтыр жыл аяғында көп талқыланғанын айтты.

"Менің ойымша, олардың жалақысы жеткілікті. Сондықтан жалақыларын көтеруге 5 жылдық мораторий жариялауға болады. Бұл депутаттар үшін жақсы жаңалық емес екенін түсінемін. Бірақ сіздер түсіністікпен қарайсыздар деп ойлаймын. Әкімшілік мемлекеттік қызметшілер мен бюджет қызметкерлерінің жалақысын мүмкіндігінше көтеруді жалғастырамыз", - деді сол кезде Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети