01 тамыз 2014 20:25

Девальвация жайлы қауесет таратқандар жауапқа тартылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Бас прокуратурасының ғимараты. ©Тұрар Қазанғапов ҚР Бас прокуратурасының ғимараты. ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның Бас прокуратурасы девальвация туралы қауесет таратудың жауапкершілігі туралы ескертеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстанның Бас прокуратурасы девальвация туралы қауесет таратудың жауапкершілігі туралы ескертеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Соңғы күндері әртүрлі байланыс құралдары (БАҚ, әлеуметтік желілерді, СМС-ті қоса алғандағы интернет-хабарлар) арқылы жақында ұлттық валютаның құнсыздану мүмкіндігі туралы ресми расталмаған ақпарат таратыла бастады. Аталған хабарлар халық арасында айтарлықтай шу шығарып, ішкі валюта нарығындағы жағдайдың тұрақсыздану қаупін туғызды. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы 2014 жылғы 23 сәуірде еліміздің Қылмыстық кодексіне көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік белгілейтін норма (242-1 бап) енгізілгенін еске салады", - делінген хабарламада.

"Осыған байланысты уәкілетті мемлекеттік органдардың ресми деректеріне негізделмеген теңге бағамын түзету туралы ақпараттың одан әрі таратылуына жол бермеу туралы ресми түрде ескертеміз. Сондай-ақ БАҚ өкілдерінен қарастырылып отырған мәселені хабарлау кезінде тексерілген фактілер мен мәліметтерге ғана сүйенулерін және шындыққа жанаспайтын ақпараттың жариялануына жол бермеулерін сұраймыз", - деп атап өтті баспасөз қызметі.

31 шілдеде Астананың айырбас пункттерінде ұзын-сонар кезек пайда болды, кейбір пункттерде доллар таусылып қалды. ҚР Ұлттық банкі 1 тамыз күні девальвацияның екінші толқыны туралы қауесеттерді жоққа шығарды. Ұлттық банк басшысының кеңесшісі Ұлттық банктің девальвация қаупі туралы қауесеттерге қатысты құқық қорғау және құқық қадағалау органдарына шағымдана алатынын хабарлады. Еске сала кетейік, жаңа Қылмыстық кодексте қауесет таратқан адамдарға 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети