05 сәуір 2021 17:18

Дина Ғалиева Ұлттық банк басшысының орынбасары қызметінен босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дина Ғалиева. ©nationalbank.kz Дина Ғалиева. ©nationalbank.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дина Ғалиеваны Ұлттық банк төрағасының орынбасары қызметінен босатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дина Ғалиеваны Ұлттық банк төрағасының орынбасары қызметінен босатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімімен Дина Төлеубекқызы Ғалиева Қазақстан Республикасы Ұлттық банк төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

Дина Ғалиева 2015 жылдан бері Ұлттық Банк төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді. Ұлттық банк Нұр-Сұлтанға көшкеннен кейін Алматыдағы өкілдігін басқарды.

2005 жылғы шілдеден 2009 жылғы наурызға дейін "Қазақстан Халық банк" ЖЗҚ" АҚ төрағасының кеңесшісі, басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.

Сондай-ақ, әр жылдары Ұлттық банктің жоспарлау және бюджетті бақылау басқармасын басқарды, қаржы реттеу қызметкерлерімен жұмыс департаментін басқарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети