10 маусым 2017 14:02

Джеки Чан немесе GGG: Астаналық қыз Қазақстанға бір күнде келген жұлдыздардың қайсымен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астаналық Фируза Кайлюкова Қазақстанға бір күнде ұшып келген Джеки Чан мен Геннадий Головкиннің қайсымен кездескенін айтып берді. Айта кетейік, екі жұлдыз екі түрлі қалаға келген болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астаналық Фируза Кайлюкова Қазақстанға бір күнде ұшып келген Джеки Чан мен Геннадий Головкиннің қайсымен кездескенін айтып берді. Айта кетейік, екі жұлдыз екі түрлі қалаға келген болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қыздың айтуынша, 5 маусымда ол Джеки Чанмен өтетін кездесуге билетті алумен болған. Іс-шара Астанада 7 маусымда өтуі тиіс болған еді. Содан көптен күткен билет қолына түскенде астаналық қыз сол күні Қарағандыға Геннадий Головкиннің келетінін біледі.

"Сол кезде менде қандай сезімнің болғанын ешкім білмейді. 7 маусымда мен Джеки Чанды көруім керек болған. Сол билетті алуға бір күн уақытым кетті", - дейді Фируза Кайлюкова.

Бірақ соңында астаналық қыз GGG-мен кездесуді шешкен, бірақ ол жаққа қалай жетуді білмеген. Содан ол өзінің басшылығына хабарласқан. Олар болса бұл сапарды ұйымдастыруға барын салған.

"Осылайша, мен Майқұдыққа қуана кеттім. Жолға кеткен екі сағат уақыт тез өтіп кетті. Жол бойы әріптесім Айнұрмен әңгімелесіп келдік. Міне, ол! Эмоцияларға толы болдым! Бұл менің арманым болатын. Арманым орындалды, мақсатыма жеттім. Оған Америкаға бара алмаған едім, енді ол өзі келді. Бұдан асқан не бар! Армандаңыздар, мақсаттарыңызға жетіңіздер", - деді Фируза Кайлюкова.

Айта кетейік, Астана қаласының тұрғыны Фируза Кайлюкова "Қазмедиа Холл" киноконцерт залында қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен америкалық Дэниэл Джейкобстың жекпе-жегінің көрсетілімінің демеушісі болған еді. Осылайша, астаналық "Қазмедиа орталығының" бас директорымен кездесіп, залдың ақшасын төлеуге келген. Содан арбаға танылған қыздың өз ақшасын жұмсамақ болғанын көрген орталықтың басшылығы барлық шығынды өз мойнына алған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети