12 наурыз 2021 16:00

Джо Байден Тоқаев пен қазақстандықтарды құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фотоколлаж Tengrinews.kz Фотоколлаж Tengrinews.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Наурыз мерекесіне орай АҚШ Президенті Джо Байденнен құттықтау жеделхаты келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Наурыз мерекесіне орай АҚШ Президенті Джо Байденнен құттықтау жеделхаты келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Биыл Қазақстан Республикасы өз Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтеді. Сізді осы атаулы оқиғамен құттықтай отырып, АҚШ Президенті Әкімшілігі өзіңізбен және Қазақстан халқымен етене жұмыс істеуге зор мән беретінін айтқым келеді. Ұзақ жылдар бойы біз ядролық қаруды таратпау, бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту бағытындағы тығыз серіктесті қолдап келеміз. Менің Әкімшілігім стратегиялық серіктестігімізді тереңдетуге және бұдан 5 жыл бұрын Мемлекеттік хатшы Джон Керридің қатысуымен басталған "С5+1" диалог процесін жалғастыруға мүдделі", – деп жазылған жеделхатта.

Наурыз мерекесі қарсаңында Джо Байден Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Қазақстан халқына бейбітшілік пен құт-береке тіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети