21 қараша 2019 12:12

Досаев Тоқаевқа "7-20-25" бағдарламасы туралы баяндады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы 10 ай ішіндегі ақша-несие саясатын жүзеге асырудың негізгі көрсеткіштері: төлем балансының алдын ала бағалануы, Ұлттық банктегі алтынвалюта қорының ахуалы мен Ұлттық қордың активтері, сондай-ақ, еліміздегі қаржы нарығының дамуы туралы мәлімет берілді.

Ерболат Досаев "7-20-25" ипотекалық тұрғын үй бағдарламасының, экономиканың басым бағыттарына жеңілдетілген несие беру ісінің іске асырылуы, екінші деңгейлі банктердегі активтердің сапасына тәуелсіз бағалаудың жүргізілуі жайында баяндады.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының зейнетақы активтерін басқарудың тиімділігін арттыру және олардың бір бөлігін басқару үшін жеке компанияларға беру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы қаралды.

Кездесу қорытындысы бойынша Президент бірқатар тапсырма берді. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети