22 желтоқсан 2021 10:44

ДСМ 2022 жылдың қаңтарына арналған коронавирус болжамын жариялады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министрлігі 2022 жылдың қаңтарына арналған коронавирус туралы жаңа болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрлігі 2022 жылдың қаңтарына арналған коронавирус туралы жаңа болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрлігі болжамына сәйкес, 2022 жылдың қаңтарында оптимистік сценарий бойынша күніне орташа есеппен коронавирус инфекциясының 650 жағдайы тіркеледі. Нақты - 1500, жағдай нашарласа 3000 дерек тіркелуі мүмкін.

"Коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай болжамына сәйкес қазір тәулігіне орта есеппен 560 жағдай тіркеліп отыр, оптимистік сценарий бойынша келе жатырмыз. Республикада коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келе жатқаны байқалады, жағдай министрлік бақылауында", - деді денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев Үкімет отырысында.

Бұған дейін Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев Қазақстандағы коронавирусқа қатысты жағдайды баяндағаны хабарланған еді. Министрдің айтуынша, Қазақстанда ПТР-сынамасы оң нәтиже берген 984 079 жағдай және ПТР-сынамасы теріс нәтиже көрсеткен 83 732 жағдай тіркеліп, 96 пайыздан аса науқас жазылып шыққан. 18 852 науқас емделіп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети