18 наурыз 2022 09:07

ДСМ дәрі-дәрмек туралы мәлімдеме жасады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: pixabay Көрнекі сурет: pixabay

Денсаулық сақтау министрлігі инсулин мен басқа да дәрі-дәрмектердің тапшылығы туралы хабарламаға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрлігі инсулин мен басқа да дәрі-дәрмектердің тапшылығы туралы хабарламаға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінгі таңда Қазақстанда дәрі тапшылығы байқалмайды. Препараттардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында тұрақтандыру қоры жұмыс істейді және ірі көтерме дәріхана қоймаларында қор бар.

2022 жылға 11,1 миллиард теңгеге 20 түрлі инсулин сатып алынды. Сонымен қатар, бірыңғай дистрибьютор қоймаларында инсулиннің жеткілікті қоры бар. Инсулин дәрігерлердің рецептісі бойынша, сондай-ақ, диспансерлік есепте тұрған науқастарға тегін беріледі. Демек бұл препараттар сандық есепке алынған", - деп мәлімдеді министрлік өкілі.

ДСМ дәрі-дәрмектердің бөлшек бағасы белгіленген шекті баға бойынша белгіленетінін түсіндірді.

"Дәрілік заттар бағасын мемлекеттік реттеу маусымға сәйкес сұраныс пен сату, сондай-ақ, жыл сайынғы инфляцияны ескере отырып, бағаларды оңтайлы деңгейде ұстап тұруға ықпал етеді. Дәрілік заттарға белгіленген шекті бағаны арттырғаны үшін ӘҚБтК-нің 426-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған", - деп түсіндірді ведомство өкілі.

Денсаулық сақтау министрлігі инсулин температура режимін сақтауды қажет ететін ақуыз екенін айтты. Осылайша, арнайы сақтау талаптары мен жедел жеткізу шарттары ескерілмесе, инсулин бүлініп кетуі мүмкін.

Ведомство қызметкері жалған ақпарат таратпауға, халықты дүрліктірмеуге және министрлік ұсынған ресми көздерден ақпарат алуға шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети