16 шілде 2020 13:13

ДСМ қазақстандықтар карантин талабын қалай бұзып жатқанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©Тұрар Қазанғапов Фото: ©Тұрар Қазанғапов

Карантин талабын бұзған 225 адамға айыппұл салынды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Карантин талабын бұзған 225 адамға айыппұл салынды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оның айтуынша, мониторинг тобы Қазақстанның барлық өңірінде тексеріс жүргізіп жатыр. Осы уақыт аралығында 16 572 нысан тексеріліп, 1617 нысанның заң бұзғаны анықталған.

"Тексеріс барысында өз еркімен 564 нысан жұмысын тоқтатты. ҚР Әкiмшiлiк құқық бұзушылық кодексінің 425-бабы бойынша 225 хаттама толтырылды. Сауда және қоғамдық тамақтану нысандарында маска режимін, арақашықтық сақталмауы, таңбалау, термометрияның жүргізілмеуі, банкеттер өткізу, ауаны зарарсыздандыру және дезинфекцияның жүргізілмеуі сияқты заң бұзушылықтар анықталды. Бұл негізгі заң бұзушылықтар болып саналады", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар, комитет төрағасы карантин талабын сақтамаған кәсіпкерлерге қомақты айыппұл салынып жатқанын атап өтті.

"Ақмола облысында тыйым салуға қарамастан жұмыс істеп тұрған аумағы 500 шаршы метр болатын дүкен анықталды. Нысанның иесі әкімшілік жауапқа тартылды. Оған 683 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Қостанай облысында карантин режиміне қарамастан жұмыс істеп тұрған нысан анықталды. Қызметкерлерінде маска, медициналық қолғап, антисептик болмаған. Алматы облысында бір мекемеде 30 адамға банкет ұйымдастырылған. Ал басқа мейрамханада 100 адамның қатысуымен той болған", - деді ол.

Тимур Сұлтанғазиев осыған ұқсас заң бұзушылықтар еліміздің барлық өңірінде тіркелгенін атап өтті.

Айта кетейік, осыған дейін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы коронавирус індеті өршіп тұрған өңірлерді атап, 5 айда Қытайдан 3 миллиард теңгеге тест сатып алғанын, індеттен 51 дәрігер қайтыс болғанын айтқан еді. 

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 65 188-ге жетті. 39 066 науқас дертінен айықты, 375 адам қайтыс болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети