03 мамыр 2020 15:24

ДСМ коронавирус туралы ақпарат беретін WhatsApp чат-ботын іске қосты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: iguides.ru Фото: iguides.ru

Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі коронавирус туралы ақпарат беретін WhatsApp чат-ботын іске қосты, деп хабарлайды Tengrinews.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі коронавирус туралы ақпарат беретін WhatsApp чат-ботын іске қосты, деп хабарлайды Tengrinews.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бұл - тегін сервис. Мұнда коронавирус туралы нақты, сенімді және өзекті ақпарат жинақталған. WhatsApp-тағы Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің ресми каналынан тұрғындар коронавирус туралы аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат коронавирус жайлы жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала алады", - делінген хабарламада.

Денсаулық сақтау министрлігінің WhatsApp чат-ботын қолдану үшін:

  • +7 705 812 69 67 нөмірін телефоныңызға сақтаңыз немесе https://wa.me/77058126967 сілтемесіне өтіңіз;
  • Ақпарат алу үшін WhatsApp-та аталған нөмірге кез-келген мәтінді хабарлама жіберіңіз.

Ресми чат-бот WhatsApp Business API-дің ресми сервис-провайдері Infobip компаниясымен бірлесіп дайындалды.

Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 3877-ге жетті. 995 науқас жазылды, 26 науқас қайтыс болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети