14 сәуір 2020 09:29

Дүниежүзінде коронавирус жұқтырғандардың саны 2 миллионға таяды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Дүниежүзінде коронавирус жұқтыру жағдайларының саны 2 миллионға таяды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі америкалық Джонс Хопкинс Университетінің мәліметтеріне сілтеме жасап.


Дүниежүзінде коронавирус жұқтыру жағдайларының саны 2 миллионға таяды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі америкалық Джонс Хопкинс Университетінің мәліметтеріне сілтеме жасап.

14 сәуірде таңертең әлемде жұқтырғандар саны - 1 919 913, әлемде коронавирус инфекциясының құрбандары 119 666 адам болды. Сауыққандардың саны 449 мыңға жақындап келеді.

Әлемнің барлық елі арасында жұқтырғандардың (581 918) және құрбандардың (23 мыңнан астам) ең көп саны АҚШ-та тіркелген, соңғы үш күн ішінде қайтыс болғандардың саны азайған. Коронавирустан өлім дерегі барлық 50 штатта тіркелген.

Жұқтырғандардың ең көп саны бар елдердің бестігіне Испания (170 099 жұқтырған және 17 756 өліммен аяқталған), Италия (159 516 және 20 465), Франция (137 877 және 14 967) және Германия (130 072 және 3194) кіреді.

Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, COVID-19 жұқтырудың жалпы саны әлемде 1,773 миллион адамнан асты, 111 652 адам қайтыс болды. Бір тәулік ішінде 76 498 адам жұқтырып, 5702 адам көз жұмды.

Ирландияда коронавирус жұқтырғандар саны 10 мыңнан асты (тәулігіне 527). Қайтыс болғандардың жалпы саны 365 адамға жетті.

Ұлыбританияда қайтыс болғандардың саны 11 329 адамға жетті (тәулігіне 717 адам), жұқтырғандардың жалпы саны - 88 мың (тәулігіне 4342 адам).

Италия мен Испанияда карантин шаралары жеңілдетіле бастады.

Қазақстанда вирус жұқтырудың расталған жағдайларының саны 1000-нан асып, 1091-ге жетті (тәулігіне 140-қа дейін).

Өзбекстанда жұқтырғандар саны 998-ге жетті (тәулігіне 64-ке дейін).

Әзербайжанда коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 1148-ге жетті (тәулігіне 50-ге дейін). 289 адам сауығып, 12 адам қайтыс болды.

Ресейде 18 328 ауру жағдайы тіркелген (тәулігіне 2558 жағдай). Елде барлығы коронавирустан 148 адам қайтыс болды.

Израильде қайтыс болғандар саны 116-ға дейін өсті, COVID-19 диагнозы бар пациенттердің жалпы саны 11 586-ға жетті.

Қытайда тәулігіне 89 жұқтыру оқиғасы, 86 - сырттан келгендер, қалған үшеуі - жергілікті. Өлім-жітім жоқ.

Оңтүстік Корея тәулігіне COVID-19 жұқтырудың 27 оқиғасын тіркеді, жұқтырғандардың жалпы саны 10 564-ке дейін өсті, 87 адам сауығып, 222 науқас қайтыс болды.

БАӘ-де COVID-19 науқастарының тәулік ішіндегі рекордтық саны - 398. Жалпы 4,5 мыңнан аса адам жұқтырған. 25 науқас қайтыс болды, 852 адам сауығып кетті.

Сауд Арабиясында соңғы тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны - 472. Жұқтырғандардың жалпы саны - 4 934, 65 адам қайтыс болды.

Түркияда коронавирус жұқтырудың анықталған жағдайлары тәулігіне 4 мыңнан астам адамға, қайтыс болғандардың саны 98-ге өсті. Жұқтырғандардың саны - 61 049, қайтыс болғандар - 1296, 3957 пациент айықты.

Африка елдерінде, ДДҰ мәліметтері бойынша, коронавирусты жұқтырғандар саны 14 мыңнан асты, вирус құрбандары 754 адам болды. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети