Екі аяғынан айырылған алматылық қыз жол апаты жайлы айтып берді

23 Маусым 2017, 09:29
0
Екі аяғынан айырылған алматылық қыз жол апаты жайлы айтып берді -

Алматы орталығында  жол апаты болып, екі аяғынан айырылған Екатерина Парафиеваның мүддесін қорғайтын адвокат Жанна Уразбахова (Мухамади) ауруханада өзінің қорғалушысымен кездесті. Бұл туралы заңгер Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

Жантүршігерлік жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен Катя мен оның құрбысы жол апаты болған күн туралы толығырақ айтып берді. Екатерина Парафиева мен отбасы осы жағдайға бейжай қарамаған қазақстандықтарға көп алғыс білдірді.

"Бүгін мен Катяға ауруханаға бардым. Бастапқыда Катя жайлы айтып берейін. Ол өте ашық әрі жарқын адам, одан тек позитив аласың. Біз бірден тіл табыстық. Ол бірінші секундтардан-ақ адамды өзіне баурап алады.

Жол апаты болған күн оның есінде қалды. Оқиғаның мән-жайын және жол апаты болған сәтті де біледі. Катя барлығын біліп отыр. Катядан кейін мен оның құрбысы, жол апатынан зардап шеккен екінші қыз - Найлямен кездестім. Ол да Катяның айтқанын айтып берді.

Олардың айтуынша, Катя мен Найля әл-Фараби даңғылымен батыс бағытта шет жақтан келе жатты. Тұңғыш Президенттің саябағына қарама-қарсы жерде көлік люкке түсіп кетеді. Қыздың айтуынша, көліктің артқы оң дөңгелегі соғылған. Салдарын көлік бір жақтан екінші жаққа ұшып кете берген. Катя - тәжірибесі бар жүргізу ретінде дер кезінде тоқтап, көлікті өз қатарында қалдырып, оны тоқтатпақшы болды.

Содан Катя мен Найляның айтуынша, олар бірден көліктің қай жері бүлінгенін көру үшін сыртқа шыққан. Кейіннен көліктің жүксалғышына барып, апат белгісін алып шықпақшы болған. Осы сәтте оларды Тойота Камри көлігі келіп соғады.

Кейбір БАҚ-тар Найляның анасына сүйене отырып, расталмаған ақпараттарды жариялап жатқандарын айтып өткім келеді. Осыған байланысты Катяның атынан БАҚ-тардан расталмаған ақпараттарды жарияламауларын сұраймын. Осы іске қатысты сараптамалар тағайындалады, трасологиялық сараптама да болады. Сұрақтарымызды дайындап жатырмыз.

Енді жақсы жаңалықтар жайлы айтайын.

Катя қазіргі уақытта палатада жатыр. Оған тек жақындары кіре алады. Катя мен оның отбасы осы күнге дейін Катя үшін уайымдап, қан тапсырып, ақша жинаған Қазақстан азаматтарына көп алғыс айтады. Бұл біздің, қазақстандықтардың қиын жағдайларда қол ұшын созуға дайын екенімізді тағы да көрсетті.

Ертең бізде алғашқы тергеу жұмыстары басталалы. Катя осы іс объектив және жан-жақты тергеледі деген сенімде. Ол да біз сияқты мұндай қайғылы жағдайдың қайтадан ешкімнің басына түспегенін қалайды. 

Суреттерді Катя мен оның күйеуінің рұқсатымен жариялап отырмын", - деп жазған адвокат.

Еске сала кетейік, 16 маусымда Алматыда болған жол апатынан қыздың екі аяғы жұлынып кеткені хабарланған еді. Жол-көлік оқиғасы әл-Фараби даңғылында Тұңғыш Президент саябағының маңында болған. Жол апатына түскен көліктің барлығы батыс бағытта кетіп бара жатқан. Honda көлігі ашық люкке түсіп кетіп, дөңгелегі жарылған. Бұл көліктің салонында екі қыз болған. Олар көлікті жол шетіне қойған кезде шеткі сол жақ жолақпен Toyota Camry келе жатқан. Көліктің жүргізушісі бұзылып тұрған автомобильді көріп, тоқтауды ойлаған. Алайда орта жолақта келе жатқан автобус оны соғып, Toyota Camry тоқтап тұрған Honda көлігін соққан. Осы уақытта екі көліктің ортасында қалып қойған екі қыз қысылып қалған. Дәрігерлер қыздың аяғын кесіп тастауға мәжбүр болды. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай