13 ақпан 2014 | 13:50

Екі жасар сәбиін нашақорлардың үйінде қалдырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Kp.ru ©Kp.ru

Қостанайда прокурорлар баласын нашақорларға қарыз орнына қалдырған әйелді ата-аналық құқығынан айырмақшы деп хабарлайды Tengrinews.kz "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне сілтемемен. Қалалық прокуратураның баспасөз хатшысы Гүлмира Сағандықованың айтуынша, арақ ішіп, жеңіл жүріске салынған әйел есірткіге тәуелді адамдарға қарыз болған. Қарыз алған кезде кепілге екі жасар баласын қалдырыпты. "Ұл бала есірткіге тәуелді әрі бұрын бірнеше рет сотталған адамдардың қолында бір жылдан артық тұрған. Ол тұрған бөлме антисанитариялық жағдайда. Бала ойыншық орнына инесі бар шприцтермен ойнаған", - дейді Сағандықова. Прокурорлық тексерістің нәтижесінде безбүйрек әйелге қатысты "Кәмелетке толмағандар тәрбиесі бойынша міндеттерін атқармау" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Ал сәбиден өкпе қабынуы белгісі анықталды, қазір ол ауруханада жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Алматыда жер сілкінді

Валюта бағамы

 492.2   529.13   5.02 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети