10 ақпан 2015 10:25

Екатеринбург - Алматы тас жолының бірнеше учаскесі жабық тұр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

10 ақпан күнгі сағат 09.30-дағы жағдай бойынша ауа райының қолайсыз болуына байланысты Ақмола, Жамбыл және Қарағанды облыстарындағы автожолдардың бірқатар учаскесінде көлік қозғалысы шектелді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазақавтожол" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


10 ақпан күнгі сағат 09.30-дағы жағдай бойынша ауа райының қолайсыз болуына байланысты Ақмола, Жамбыл және Қарағанды облыстарындағы автожолдардың бірқатар учаскесінде көлік қозғалысы шектелді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазақавтожол" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ақмола облысында қар, боран мен көріну мүмкіндігінің нашарлауына байланысты Екатеринбург - Алматы автожолының 856-917-шақырымдардағы учаскесінде 9 ақпан күні таңертең енгізілген шектеулер сақталады. Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысы шекарасынан Жақсы елді мекеніне дейінгі жол жабық тұр. 

Бұған қоса, осы тас жолдың тағы екі учаскесінде де шектеу қойылды. "10 ақпан күні сағат 08.00-де Жамбыл облысында ауа райы жағдайларының нашарлауына (толассыз жаңбыр, температураның 5 градус аяз деңгейінде болуы, көктайғақ) байланысты Екатеринбург - Алматы автожолының Қарағанды облысы шекарасынан Бурылбайтал ауылына дейінгі 2005-2153 учаскесінде автокөліктің барлық түрі үшін көлік қозғалысына шектеу енгізілді", - делінген хабарламада. 

Ал Қарағанды облысында дәл осы себепті Екатеринбург - Алматы тас жолының Балқаш қаласынан Жамбыл облысы шекарасына дейінгі учаскесі автокөліктің барлық түрі үшін уақытша жабылды. 

Еске сала кетейік, 9 ақпан күні Қазақстанның үш облысы - Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарындағы автожолдардың түрлі учаскелерінде көлік қозғалысына шектеу енгізілгені хабарланған еді. Бұған қар мен боран және көріну мүмкіндігінің нашарлауы себеп болды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети