09 ақпан 2015 12:37

Үш облыс аумағында көлік қозғалысына шектеу енгізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Қазіргі уақытта ауа райы жағдайларының нашарлауына байланысты Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарындағы автожолдардың түрлі учаскелерінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазақавтожол" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Қазіргі уақытта ауа райы жағдайларының нашарлауына байланысты Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарындағы автожолдардың түрлі учаскелерінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазақавтожол" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

9 ақпан күні сағат 10.45-те Ақмола облысында қар мен боранға және көріну мүмкіндігінің нашарлауына байланысты Астана - Петропавл автожолының 18-341-шақырымдардағы учаскесінде, Көкшетау - Рузаевка жолының 0-61-шақырымдардағы учаскесінде, Көкшетау - Омбы жолының 2-50-шақырымдардағы учаскесінде, Көкшетау - Атбасар автожолының 0-184-шақырымдардағы учаскесінде, Екатеринбург - Алматы тас жолының 856-917-шақырымдардағы (Солтүстік Қазақстан облысы шекарасы - Жақсы елді мекені) және осы жолдың 1275-1353-шақырымдардағы (Астана - Қарағанды облысы шекарасы) учаскесінде автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу қойылды. 

Сонымен бірге, сағат 11.00-де Екатеринбург - Алматы жолының Қарағанды облысы аумағындағы 1353-1425-шақырымдардағы учаскесі (Ақмола облысы шекарасы - Теміртау) де ауа райының нашарлауына байланысты барлық автокөлік түрі үшін жабылды. 

Ал сағат 11.15-те жаңбыр мен көктайғаққа байланысты Қарағанды облысы аумағында тағы бірнеше жол учаскесі қоғамдық және жүк көліктері үшін жабылды. Олар: Екатеринбург - Алматы жолының Қарағандыдан Балқашқа дейінгі аралығы, Қызылорда - Павлодар автожолының Жезқазғаннан Топар елді мекеніне дейінгі аралығы және осы тас жолдың Қарағандыдан Павлодар облысы шекарасына дейінгі аралығы. 

Бұған қоса, Қарағанды облысы аумағындағы ауа райы Павлодар облысындағы көлік қозғалысына да әсерін тигізді. "Сағат 11.40-та Павлодар облысында Қарағанды облысындағы ауа райы жағдайларының нашарлауына байланысты Қызылорда - Павлодар автожолының Қарағанды облысы шекарасынан Шідерті елді мекеніне дейінгі аралығындағы 1135-1205-шақырымдардағы учаскесінде қоғамдық және жүк автокөліктері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді", - делінген "Қазақавтожол" РМК хабарламасында.  

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети