25 желтоқсан 2020 13:28

Екібастұзда кәсіпкер тендерге қатысу үшін жалған құжат жасады деген күдікке ілінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz мұрағатынан © Tengrinews.kz мұрағатынан

Павлодар облысы Екібастұз қаласында кәсіпкер тендерге қатысу үшін құжаттарды қолдан жасады деген күдікке ілінді. Бұл туралы бизнесменнің бәсекелесі айтты, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.


Павлодар облысы Екібастұз қаласында кәсіпкер тендерге қатысу үшін құжаттарды қолдан жасады деген күдікке ілінді. Бұл туралы бизнесменнің бәсекелесі айтты, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, кәсіпкер тендерге қатысу үшін жалған құжат жасауы мүмкін.

"Екібастұз полициясына қаладағы ЖШС директорының бірінен басқа ЖШС иесінің үстінен арыз түскен. Онда компания директоры басқа кәсіпкерді 82 миллион теңгеден аса сомаға жөндеу жұмыстарын көрсету жөніндегі ашық тендерге қатысу үшін жалған құжат жасады деп айыптаған. Бұл факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - дейді Екібастұз қаласы полиция басқармасының басшысы Василий Скляр.

Полиция басқармасы бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеу сараптамасы тағайындалғанын, қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети