07 ақпан 2022 17:54

Екібастұзда өртсөндірушілер күшіктерді өрттен аман алып қалды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екібастұзда өртсөндірушілер қараусыз қалған ғимараттан төрт күшікті алып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Екібастұзда өртсөндірушілер қараусыз қалған ғимараттан төрт күшікті алып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт Екібастұздың №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінен бір шақырым жерде орналасқан бір қабатты кірпіш ғимаратта болған. Шақырту бойынша келген өртсөндірушілер ғимаратта бес шаршы метр аумақта қоқыс жанып жатқанын анықтады.

"Бақытымызға орай, қараусыз қалған ғимаратта адамдар болған жоқ. Бірақ өртті сөндіру барысында аға өрт сөндіруші Наурыз Мұхажанов пен бөлімше командирі Исламбек Атеев жанып жатқан қоқыстың жанында тұрған төрт күшікті алып шықты", - деді Екібастұздың мамандандырылған өртсөндіру бөлімі бастығының орынбасары Жұмабай Кеңесұлы.

Оның айтуынша, өртсөндірушілер уақытында келген.

"Бөлмеде қатты түтін болды. Кішкене кешіккенде кішкентай күшіктер түтіннен уланып қалар еді", - деді баспасөз қызметі.

 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети