30 қараша 2022 14:24

Екібастұздағы жағдай Алматыда болуы мүмкін бе? Досаев жауап берді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Ерболат Досаев Алматыда энергетикалық жүйе бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ерболат Досаев Алматыда энергетикалық жүйе бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қаласы әкімінің міндетін атқарушы Ерболат Досаевпен кездесуде Түрксіб ауданының тұрғыны Екібастұз бен Риддерде болғандай, қаланы жылусыз қалдыруы мүмкін ірі апаттардың алдын алу жұмыстары жүргізілді ме, жоқ па деген сұрақ қойды. Досаев қалада мұндай жағдайлардың алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

"Энергия жүйесі және жылумен қамтамасыз ету толық көлемде және талап етілетін сапамен қамтамасыз етілуі керек. Қысқа дайындық жұмыстарын қағаз жүзінде емес, бізде бардың бәрін, елеусіз тұстарды қарап шықтық. Қала дайын деп есептейміз. Бірақ жақында Мемлекет басшысы мен Премьер-министрден тағы да энергетика жүйесіне қосымша аудит жүргізу туралы тапсырма болды. Жұмыс 1 желтоқсанда басталады. "Самұрық-Энергомен" электрмен жабдықтау тексерісі өтеді. Жылу желілері бойынша алдағы екі аптада, 1-15 желтоқсан аралығында барлық қазандықтарды тексереміз. Әзірге қорқынышқа себеп жоқ, бәрі әдеттегідей жұмыс істеп тұр, бірақ апаттар әрқашан болуы мүмкін және бұған дайын болу керек", - деді ол.

Досаевтың айтуынша, кей учаскелерде құбыр жарылуы ықтимал, бірақ қаланың төтенше жағдайлар қызметі мұндай жағдайларға дайын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети