27 қазан 2021 16:01

Екібастұздық 14 жастағы нейл-мастер халықаралық арт-олимпиадада жеңіске жетті

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екібастұздық мектеп оқушысы, нейл-мастер Арулат Мұхаметқали Сочиде өткен кезекті байқауда жеңіске жетті. Жеткіншек 21 елден басқосқан шеберлер арасында халықаралық өнер олимпиадасының ең жас қатысушысы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Екібастұздық мектеп оқушысы, нейл-мастер Арулат Мұхаметқали Сочиде өткен кезекті байқауда жеңіске жетті. Жеткіншек 21 елден басқосқан шеберлер арасында халықаралық өнер олимпиадасының ең жас қатысушысы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық Instagram желісіндегі жеке парақшасында жеңісі туралы айтып, бірінші рет олимпиадаға қатысқанын атап өтті.

"Мен маникюр шеберлері арасында Олимпиада чемпионы атандым. Екі жыл бұрын бұл тек арман еді. Тәлімгерлерім Елена Шанская мен Наталья Соложинаның арқасында арманым орындалды. Осы екі жылдағы сапарым керемет өтті. Сіздерге рақмет! Менің алға жылжып, жетістікке жетуіме күш бересіздер", - деп жазды жасөспірім.

Екібастұздық оқушы конкурстағы жұмысты орындауға 7 сағатқа жуық уақыт жұмсаған. "Тырнақ өсіру және дизайн" номинациясында Арулатқа тең келер ешкім болмады.

"Нәтижені күтіп отырғанда қатты толқыдым. Әрине, жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Алдыма қойған мақсат көп. Қазір әртүрлі қаладан жанкүйерлер жазып, оқытуды сұрап жатады. Білімді бөлісуге дайынмын. Ол үшін материалдарды жинап дайындау керек", - деді жас шебер.

Оқушының айтуынша, ол да жастығына қарамастан біраз жетістіктерге жетіп, болашақта шаштараз болғысы келетін інісі Бексұлтанға барлық жағынан қолдау көрсетеді.

Айта кетейік, дарынды жасөспірім қайырымдылықпен айналысқысы келеді.

"Кейде жұма күндері дүкеннен нан сатып алып, адамдар тегін алып кетсін деп сонда қалдырамын", - дейді ол.

 Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети