11 қыркүйек 2020 09:06

Экология министрлігіндегілер өлген итбалық туралы пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/yerkinbayev Фото: instagram.com/yerkinbayev

Экология министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті төрағасының орынбасары Нариман Жүнісов Каспий теңізінің жағалауына жасаған сапарының қорытындысын айтты. Сол жерде итбалық өлі табылған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Экология министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті төрағасының орынбасары Нариман Жүнісов Каспий теңізінің жағалауына жасаған сапарының қорытындысын айтты. Сол жерде итбалық өлі табылған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Итбалықтың өлгені туралы хабарламадан кейін мемлекеттік инспекторлар Қарақия ауданына барған. Құмды мүйісінде итбалықтың денесін тапқан.

"Арқасында екі жерден, сондай-ақ кеуде қуысында тесік байқалды. Құстар шұқып тастаған болуы мүмкін. Ішкі жағы түгел бос, лас затқа толып тұр. Терісі іріп кеткендіктен анализ алуға мүмкіндік болмады. Итбалықтың денесі шығарылды. Теңіз жағасында және суда басқа итбалық табылмады, сондай-ақ мұнай өнімдері мен ластайтын заттардың ізі жоқ", - деді Нариман Жүнісов.

Веломстводағылар Каспий итбалығының коммерциялық құндылығы жоғын айтты. Сондықтан оны аулайтындай мақсат болмаған. 

"Соңғы кезде итбалықтардың өлімінде бір эпизод. Пост авторының итбалықтарды өлтіріп жатыр дегені дұрыс емес", - деп қосты төрағаның орынбасары.

Каспий итбалығы Қызыл кітапқа және Каспий маңындағы елдердің басқа кітабына енгізілген.

Жүнісовтің айтуынша, комитет итбалықтың осы түрін сақтап қалу үшін шаралар қабылдап жатыр. Каспий итбалығын жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлардың қатарына қосу жоспарланып отыр.

2020 жылдың ақпанындағы есептің қорытындысында Каспий итбалығының популяциясы 300 мыңға жуықтайды.

Бұған дейін Kazakh Tourism ұлттық компаниясының басшысы Ержан Еркінбаев Каспий теңізінің жағалауынан өлген итбалықты тапқанын хабарлады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети