11 тамыз 2021 09:39

Экологтар Қостанайдағы қою түтін қайдан пайда болғанын түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тengrinews.kz Фото: Тengrinews.kz

Қостанайда ауаны ластаушы заттар көретікіші нормадан асып кеткен. Бұл туралы экологтар айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қостанайда ауаны ластаушы заттар көретікіші нормадан асып кеткен. Бұл туралы экологтар айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қостанай мен қала маңындағы тұрғындарды қаланы басып кеткен қою түтін алаңдатты. Қала тұрғындарының сауалына Қостанай облысы бойынша Экология департаментінің мамандары жауап берді. Олар Қостанай мен Тобыл қалаларындағы атмосфералық ауаны төрт негізгі ластаушы азот диоксиді, күкірт диоксиді, көміртегі тотығы мен азот оксиді бойынша өлшеген.

"Өлшеу нәтижелері бойынша шекті рұқсат етілген концентрациялардың асып кеткені анықталды: азот диоксиді бойынша - 0,2 мг/м3 норма кезінде 1,5-тен 3,5-ке дейін, күкірт диоксиді бойынша - 0,5 мг/м3 норма кезінде 1-ден 5,8-ге дейін. Ең көп ластанған КЖБИ ауданы, ең аз - Жағалау ауданы (орталық аудан), мұнда ластаушы заттардың шоғырлануы ШЖК деңгейінде", - деді Қостанай облысы бойынша экология департаменті өкілі.

Мамандар түтіндеу деңгейі кешегі күнмен салыстырғанда төмендегенін айтты. Түтіннің басты себеб - орман өрттерінен қалған шығарындылар. Түтін елдің басқа аймақтарында, сондай-ақ көршілес Ресей облыстарында да байқалады.

Еске салайық, қалың түтін бұдан бұрын Шығыс Қазақстан облысын басып кеткен болатын болатын. Түтін Якутиядан келген, онда қазір өрт өршіп тұр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети