1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Экс-депутат Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы болып тағайындалды 02 наурыз 2021, 15:40

Мұрат Теміржанов ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фото: parlam.kz Фото: parlam.kz

Мұрат Теміржанов ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ал ведомствоны бұған дейін басқарған Гүлжахан Амангелдіқызы Бимендина ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен басқа жұмысқа ауысуына байланысты төрайым қызметінен босатылғаны хабарланды. 

Мұрат Теміржанов 1977 жылы Ақмола облысында туған. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы Көкшетау қаласында Салық комитетінің салық инспекторы болып бастаған.

2001 жылы Зеренді ауданы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасарының м.а. болды. Түрлі жылдары жеке меншік құрылымдарда басшылық қызметтер атқарды.

2013-2014 жж. ҚР Президент Әкімшілігі Қауіпсіздік Кеңесінің Ситуациялық орталығының консультантының м.а., консультанты болды.

2016-2021 жж. - VI шақырылымындағы Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі.

Биылғы қаңтар айынан бастап қазіргі уақытқа дейін - ҚР ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!