1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Экс-депутат QazIndustry-де жаңа қызметке тағайындалды 18 қаңтар 2021, 16:38

Мәжілістің бұрынғы депутаты Марат Бопазов QazIndustry басқарма төрағасының орынбасары болып сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі
Фото: parlam.kz Фото: parlam.kz

Мәжілістің бұрынғы депутаты Марат Бопазов QazIndustry басқарма төрағасының орынбасары болып сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"QazIndustry Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен QazIndustr Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып Марат Дәрібекұлы Бопазов сайланды. Тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі болған. QazIndustry Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" АҚ-да Марат Бопазов өнеркәсіптік даму мәселелеріне жетекшілік етеді", - делінген министрліктің хабарламасында.

Марат Бопазов В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын "тау-кен инженері" мамандығы бойынша, сондай-ақ І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған. Жалпы жұмыс өтілі 35 жыл. Әр жылдары Семей геологиялық-барлау техникумында, Талдықорғандағы "Облводоканал" басқармасында, Ұлттық-мәдени ұйымдарды қолдау қорында жұмыс істеді.

Сондай-ақ Талдықорған қалалық әкімшілігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары, Талдықорған қаласының "Коммунальник" МКК басшысы қызметтерін атқарды.

1999 жылдың қарашасынан 2016 жылдың наурызына дейін Талдықорған қалалық мәслихатының хатшысы қызметін атқарды.

2016 жылғы 24 наурыздан бастап VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!