17 ақпан 2014 16:43

Экс-депутаттың қарызы көбейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бақыт Сыздықова © Тengrinews.kz Бақыт Сыздықова © Тengrinews.kz

Парламент Мәжісінің экс-депутаты Бақыт Сыздықова жұмыссыз жүр деп хабарлайды Tengrinews.kz "Время" газетіне сілтеме жасап. Бұрынғы депутат "Время" газетіне берген сұхбатында жұмыссыз қалғанын және партияға берешек ақшасын қайтара алмайтынын жеткізген. Осылайша, мұңайған ол "Қазақстанның болашағы үшін" қоғамдық бірлестігін басқарып тұрған уақытында “Астана.KZ” КВН командасының жоғарғы лигада өнер көрсетуі үшін ақша алғанын айтады. "Содан бері бес жыл өтті. Барлық қаражат тиісті нәрселерге жұмсалып кетті. Команда капитатында барлық түбіртектер сақтаулы. Егер мені сотқа шақыратын болса, олардың барлығын көрсетуге дайынмын. Біз осы жылы партияға бірнеше рет тиісті қағаздарды көрсетіп, аталған қарызды кешіруді сұрадық. Олар уәде бергенімен әлі ештеңе өзгерген жоқ", - деп "реніш" білдірген. Б. Сыздықованың айтуынша, партиядан шығаруды талап ететіндер қарызды қайтаруды сұрап, тіпті пайыздық өсімді де еске салған көрінеді. "Нұр Отан" партия ма әлде пайыздық өсіммен ақша беретін екінші деңгейлі банк па?" дегенді алға тартады Б.Сыздықова ханым. Сондай-ақ, өткен жылдың қазан айында Бақыт Сыздықованың Паралимпиадалық комитеттегі қызметінен кетуі туралы мәселе қойған. Міне, содан бері ол жұмысқа тұра алмай жүрсе керек-ті. Экс-депутат арандату әрекеттері әлі де жалғасып, басқа айыптаулар дайындалып жатқанын аңғаратындай. Дәл осы тұста тоқтала кететін жайт, кейбір ақпарат агенттіктері "Б.Сыздықова Қазақстан паралимпиада комитетіне 30 млн. теңге қарыз" дегенді де жазады. Агенттіктердің хабарына қарағанда, 2013 жылдың мамыр айынан қазан айына дейін қызметте болған оның 30 млн. теңгедей қарыз болып қалғаны тексеріс кезінде анықталған. Дереккөздер тиісті қаржыны 26 ақпанға дейін қайтармаса, паралимпиядалық комитеттің сотқа жүгінуден басқа амалы қалмапты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети