1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Экс-министр Елжан Біртановқа үйден шығуға рұқсат берілді 21 сәуір 2021, 16:21

Экс-министр Елжан Біртановқа қатысты үй қамақ мерзімі ұзарды, алайда белгілі бір уақытқа үйінен шығуына рұқсат берілді. Ақпаратты Біртановтың
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Елжан Біртанов Елжан Біртанов

Экс-министр Елжан Біртановқа қатысты үй қамақ мерзімі ұзарды, алайда белгілі бір уақытқа үйінен шығуына рұқсат берілді. Ақпаратты Біртановтың адвокаты Дмитрий Куряченко растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Санкция бойынша, екі аптаға созылды, 14 мамырға дейін. Үйден 08.00 мен 19.00 аралығында шығуына рұқсат етілді", - дейді адвокат. 

"Хабар 24" телеарнасының кадры 

Ақпанда экс-министрдің адвокаты үй қамақта жатқан Біртановқа шаштаразды кіргізуге тыйым салынғанын айтқан болатын. 

Еске салайық, бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталған болатын. Оған қатысты сот күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. 

Біртанов денсаулық сақтау министрі қызметінен 25 маусымда босатылды. Ол өзінің отставкаға кетуін коронавирус жұқтырғанымен түсіндірге болатын. 

Министр ұсталғаннан кейін былтыр 5 қарашада Желіде экс-министр Біртановты қолдау акциясы болған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!