12 шілде 2020 16:26

Экс-сенатор Сағындық Есімханов қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото : obozrenie.kz Фото : obozrenie.kz

Экс-сенатор Сағындық Есімханов қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл мәліметті Сенаттың баспасөз қызметі растады.


Экс-сенатор Сағындық Есімханов қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл мәліметті Сенаттың баспасөз қызметі растады.

Сағындық Өлмесекұлы Есімханов 1959 жылы туған. 1981 жылы Павлодар индустриалды институтын инженер-механик мамандығы бойынша, 1995 жылы Қазақ басқару Академиясы жанындағы Нарық институтын бітірген.

Еңбек жолын 1981 жылы Павлодар қаласындағы "Октябрь" зауытының инженер-технологы болып бастаған. 1983 жылдан бастап Павлодар облысының партия-комсомол органдарында жұмыс істеді. 1993 жылдан 1997 жылға дейін "Қазкоммерцбанк" ААҚ директорының орынбасары, директоры, "Трапко" ААҚ өкілдігінің директоры болып жұмыс істеді. 1997-1999 жылдары-қалалық, одан кейін облыстық қаржы басқармасының бастығы.

Ол 1999-2005 жылдар аралығында ҚР Парламенті Сенатының депутаты болды. 2006-2007 жылдары ҚР Қаржы министрінің кеңесшісі қызметін атқарды. 2007-2008 жылдар аралығында Павлодар облысы соттарының әкімшісі болды. 2008-2009 жылдары Ақтөбе облысы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды. Облыстық қаржы басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.

Сонымен қатар, Сағындық Есімханов Павлодар облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы қызметін атқарды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети