NEWENERGY энергетика саласындағы дүниежүзілік стартап байқауының халықаралық қазылар алқасы жеңімпаздарды марапаттады, сондай-ақ ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде таныстырылатын баламалы энергетика мен "жасыл" экономика саласындағы 30 үздік стартап-компанияны таңдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі strategy2050.kz сайтына сілтеме жасап.

Таңдалған жобалардың ең көп саны Израильден болды, ЭКСПО-2017 көрмесінде энергетика саласындағы өз әзірлемелерін Eco Wave Power, Farm Dog, GreenQ, HomeBiogas, Tevva Motors Ltd, Unleash the light компаниялары ұсынады. Жеңімпаздар арасында жоғары технологиялық энергия жинақтағыш жүйелер әзірлейтін қазақстандық Primus Power компаниясы да бар.
Одан басқа, жеңімпаздар санына Ұлыбритания (Kelda Technology, DAJIE), Үндістан (Promethean Energy Pvt. Ltd., REConnect Energy Solutions Pvt. Ltd.) және АҚШ (Volta, Inficold Inc.) компаниялары, сондай-ақ Австралия (Lightwork), Германия (Breeze), Испания (ezzingSolar), Нидерланды (Sympower), Польша (Lerta), Ресей (WiseSoil), Украина (Ecoisme) және басқа елдердің компаниялары да кірді.
Сонымен қатар, Қазақстаннан (Smart Slip, Primus Power), Израильден, АҚШ-тан және Ресейден алты компания инвесторлардан қаржылық қолдау, соның ішінде өз стартаптарын дамыту үшін бизнес-менеджментке оқудан өтуге арналған сертификаттар алды.
Еске сала кетейік, бүгін Астанада Қазақстанның Энергетика министрлігі ұйымдастырған NEWENERGY энергетика саласындағы дүниежүзілік стартап байқауы өтті, оған 37 елден 100 стартап-компания қатысқан болатын.