ЭКСПО-2017 Төрағасы америкалық-қазақстандық бизнес қауымдастығының президенті Уильям Кортнимен кездесті

viewings icon 194

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Cурет баспасөз қызметінен Cурет баспасөз қызметінен

КСПО-2017 ұйымдастырушысы кеңсесінде "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ Басқармасының Төрағасы Ахметжан Есімов пен Америкалық-қазақстандық бизнес қауымдастығының президенті Уильям Кортнидің кездесуі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі халықаралық көрменің бапасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети 0

КСПО-2017 ұйымдастырушысы кеңсесінде "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ Басқармасының Төрағасы Ахметжан Есімов пен Америкалық-қазақстандық бизнес қауымдастығының президенті Уильям Кортнидің кездесуі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі халықаралық көрменің бапасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ахметжан Есімов Көрмені дайындау барысында атқарылған жұмыстар бағытын таныстырды. Сондай-ақ, алдағы аптадан бастап халықаралық қатысушыларға павильондарды өткізу, әрі делегация мүшелеріне арналған апартаменттерді табыстау басталатындығын хабарлады. Одан әрі қарай павильондарды толтыру бойынша контенттік жұмыстар  басталады.

"Сәуір айында Елбасы делегациясының құрамында Вашингтонда болдым, онда АҚШ бизнес қоғамдастығымен кездесу болды, олар біздің Көрмеге қатысуға қызығушылық танытты. ЭКСПО-2017 әріптестері мен демеушілері арасында "Cisco", "General Electrics", "Chevron" сияқты ірі компаниялар болды. Сонымен қатар, Америкалық-қазақстандық бизнес қауымдастықты да ЭКПО-2017 көрмесіне қатысуға шақырамын», - деп атап өтті Ахметжан Есімов.

"Біз өздеріңізбен ынтымақтастық орнатқандығымызға дән ризамыз. АҚШ павильоны толығымен қауымдастық мүшелері болып табылатын жеке компаниялардан тұратын болады. Бұл АҚШ бизнесмендері үшін өте қызықты әрі бірегей мүмкіндік болады деп есептейміз. "Болашақ энергиясы" Көрмесін асығыспен күтеміз", - деп мәлімдеді Уильям Кортни.

Кездесуде ЭКСПО-2017 көрмесінің дамуына өз үлесін қосуға ниетті америкалық ірі энергетикалық корпорация АES (American clean power company) таныстырылды.

Айта кету керек, халықаралық мамандандырылған көрме Астана қаласында 2017 жылғы 10 маусым - 10 қыркүйек аралығында өтеді, көрме барысында 5 миллион келуші болады деп күтілуде.

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Жолдау
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

6°C Бүгін алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю