Елбасы: Ахметов - Қорғаныс министрі қызметіне ең лайықты адам

03 Сәуір 2014, 15:23
0
Елбасы: Ахметов - Қорғаныс министрі қызметіне ең лайықты адам - Нұрсұлтан Назарбаев. ©Аkorda.kz
Нұрсұлтан Назарбаев. ©Аkorda.kz
Елбасы: Ахметов - Қорғаныс министрі қызметіне ең лайықты адам - Серік Ахметов. ©Тengrinews.kz
Серік Ахметов. ©Тengrinews.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен кездесті, деп хабарлайды Тengrinews.kz

Мемлекет басшысы кездесу барысында Серік Ахметовтің Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалғаны туралы хабарлай келіп, оның басшылық жұмыста мол тәжірибесі бар екенін айтты.

"Бүгінде ол бұл қызметке ең лайықты адам деп санаймын. Біз қорғаныс министрі етіп азаматтық тұлғаны тағайындау бағытын ұстанып келеміз. Бізге қорғаныс кешені кәсіпорындарын дамытуды, армиямызды заманауи техникамен жабдықтауды жалғастыру, сондай-ақ мемлекет қаражатын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету қажет", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті жақында өткен жедел-стратегиялық кеңес кезінде алға қойылған міндеттерді іске асырудың маңыздылығын атап өтті. Кездесу соңында Мемлекет басшысы еліміздің Қарулы күштері әскери міндеттерін орындауға әрдайым дайын болуға және өз кәсіби шеберліктерін ұдайы жетілдіріп отыруға тиіс екеніне тоқталды.

Бұған дейін Үкімет басшысы қызметінен босаған Серік Ахметовтің ҚР Қорғаныс министрі болып тағайындалғанын хабарлаған едік. Ахметов бұл қызметте Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалған Әділбек Жақсыбековті алмастырды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай