03 сәуір 2014 14:14

Серік Ахметов Қорғаныс министрі болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Серік Ахметов. ©Тengrinews.kz Серік Ахметов. ©Тengrinews.kz

Серік Ахметов ҚР Қорғаныс министрі болып тағайындалды деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Серік Ахметов ҚР Қорғаныс министрі болып тағайындалды деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ахметов бұл қызметте Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалған Әділбек Жақсыбековті алмастырды. Ол 2012 жылдың 24 қыркүйегінен бері ҚР Премьер-министрі болған еді. 

Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы 1958 жылы 25 маусымда Қарағанды облысында туған. 2001 жылы Теміртау қаласының әкімі, одан кейін Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің Ұйымдастыру-бақылау жұмысы және кадр саясаты басқармасы мемлекеттік инспекциясының меңгерушісі, "Атамекен" кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағының басқарма төрағасы, ҚР Көлік және коммуникация министрі, ҚР Премьер-министрінің орынбасары қызметтерін атқарды. 2009 жылдың қарашасынан бастап, Қарағанды облысының әкімі, 2012 жылдың қаңтарынан бастап, Премьер-министрдің бірінші орынбасары болды.

Кеше, 2 сәуір күні Үкімет басшысы қызметінде болған ол отставкаға кеткен еді. Кейін Мемлекет басшысы бұл қызметке Кәрім Мәсімовтің кандидатурасын ұсынды. Мәжіліс депутаттары Мәсімовтің кандидатурасын бірауыздан мақұлдады.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети