27 ақпан 2014 | 20:26

Елбасы бизнесті тексеруге мораторий жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев. ©REUTERS Нұрсұлтан Назарбаев. ©REUTERS

ҚР Президенті 2014 жылдың 2 сәуірінен 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстанда шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге мораторий жарияланатынын мәлімдеді деп хабарлайды Tengrinews.kz Президенттің ресми сайтына сілтеме жасап. "Жарлыққа сәйкес, мен 2 сәуірден бастап, 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін шағын және орта бизнес субьектілеріне тексеру жүргізуге мораторий жариялаймын. Мен қазақстандықтардың бизнес жүргізуі үшін қажетті жағдайды одан әрі жақсарта түсу мақсатында Үкіметке бірқатар нақты шаралар қабылдауды тапсырдым", - деді Мемлекет басшысы. Назарбаев жоспарлы тексеру тәжірибесі алынатынын айтты. "Мемлекеттік органдар менің Әкімшілігіммен келісе отырып, тексерулерді анықтаудың объективті, әлемдік стандарттарға сай келетін жүйесін жасайды. Сол жүйеге сәйкес, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап, заңнамаларды бұзу ықтималдығы жоғары кәсіпкерлер ғана тексерілетін болады. Егер кәсіпкер заңның барлық талабын орындайтын болса, тексеруші органдар оған мүлдем келмеуі тиіс", - деді Елбасы. Мемлекет басшысының айтуынша, тексерулер жүргізу форматын түбегейлі қайта қарау кәсіпкерлерге қойылатын талаптар санын 30%-дан артыққа қысқартуға мүмкіндік береді. Ол үшін Үкіметке тексеру жүргізудің барлық регламентін қайта қарау қажет. Елбасы тексерулерге балама ретінде үшінші жақ алдындағы ерікті сақтандыруды заңмен бекіту қажеттігін айтты. Оның айтуынша, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап, елдегі тексерулердің үштен бірі тиесілі болып отырған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін жабу рәсімдері оңайлатылады. Президент Бас прокуратура Кәсіпкерлердің ұлттық палатасына бизнеске қатысты тексерулер туралы ақпарат ұсынып отыратынын айтты. Бұл тексеруші органдар жұмысының тазалығын арттыруға және қоғамдық мониторингтің тиімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Рұқсат беруді автоматтандыру аяқталып, оның 140-тан кем емес түрі электронды форматқа көшеді. Бұған қоса, құрылыс саласында реттеу рәсімдері жеңілдетілуі тиіс. "Мен Үкіметке жер телімдерін ұсыну мен оның пайдалану мақсатын өзгерту, сондай-ақ құрылысқа рұқсат беру және инженерлік жүйелерге қосылу рәсімдерін 50%-ға қысқартуды тапсырдым. 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап, жер телімін рәсімдеу мерзімі 30 күннен аспауы керек", - деді Назарбаев. "2013 жылдың 1 маусымына дейін Үкімет Кәсіпкерлердің ұлттық палатасымен бірге тиісті заңнамаларға түгел ревизия жүргізуі тиіс. Бизнеске ыңғайлы болуы үшін Кәсіпкерлік кодексі жобасында кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу туралы заңдардың барлық нормалары шоғырландырылуы қажет. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінде қабылданған реттегіштік әсер ету қағидалары заңмен бекітілетін болады және Қазақстанда жаңа бизнес-омбудсмен институты енгізіледі. Оның негізгі міндеті - кәсіпкерлердің құқығын қорғау", - деді ол. Мемлекет басшысы аталған шаралар заңдық өзгерістерді қажет ететінін атап өтті. "Үкімет 2014 жылдың 1 сәуіріне дейін Парламентке рұқсат берулер мен хабарламалар мәселелері бойынша заң жобасын енгізуі керек, 2014 жылдың 1 қыркүйегіне дейін кәсіпкерлік қызметке арналған жағдайларды түпкілікті жақсарту жөніндегі заң жобасын, 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін өзін өзі реттейтін ұйымдар қызметі мәселелері бойынша заң жобасын ұсынуы қажет", - деді Президент. Елбасы Жарлықты іске асыру Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметті дамыту жағдайларын жақсартуды қамтамасыз ететінін айтты. "Бұл - бизнеспен айналысатын әрбір қазақстандыққа шынайы көмек. Кәсіпкерлер жұмысының жағдайын тұрақты түрде жақсарту бағытындағы қамқорлық әрқашан мемлекеттің назарында болады. Бұл - Қазақстанның әлемнің мейлінше дамыған 30 елінің қатарына ену жолындағы маңызды қадамның бірі. Бұл шараның және кәсіпкерлікті дамытуға мемлекет қаржысын бөлудің экономиканың өсуіне, жұмыс орындарының көбеюіне және барлық қазақстандықтың әл-ауқатының артуына серпін беретініне сенімдімін", - деді Елбасы. Еске сала кетейік, бұған дейін Ақордада өткен кеңейтілген отырыста Нұрсұлтан Назарбаев өзіне кәсіпкерлерден аяқасты тексерулер жөнінде шағымдардың әлі де түсіп жататынын айтқан болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети