04 қыркүйек 2014 13:30

Елбасы жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекет басшысының ресми сайтына сілтеме жасап. 


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекет басшысының ресми сайтына сілтеме жасап. 

"Сапар аясында Мемлекет басшысы жиын-терін науқанына дайындық барысымен танысады, сондай-ақ облыстың ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілермен кездеседі", - делінген хабарламада.

Мұның алдында ғана Елбасы Ақмола облысында іссапармен болып, "Аскөп" ЖШС-нің егіс алқаптарындағы астықтың жағдайымен және қолданыстағы ауыл шаруашылығы техникаларының үлгілерімен танысқан болатын. 

Елбасы Ақмола облысындағы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен және агрокәсіпорындардың басшыларымен кездесу барысында пайдаланылмаған жерлерді қайтару, сондай-ақ кәсіпорындарды іске қосу және жұмысын қалыпқа түсіру өңір үшін өзекті мәселе екендігін айтты. Бұл ретте 69 өңдеуші өндірістің 60-ы жобалық қуатына жетпеген.

Нұрсұлтан Назарбаев астық шығымын арттыру мәселесіне назар аударуды тапсырды. "Ауыл шаруашылығында өнімділікті арттыру маңызды. Қазақстан бойынша орташа астық түсімі гектарына 15 центнерден келеді, ал бұл ретте 20 центнер жақсы деп бағаланса, озық шаруашылықтар 22-25 центнерден алады. Біз орасан қаражат жұмсап жатырмыз және ол нәтиже беруі тиіс", - деді ол.

Мемлекет басшысы азық-түлікке сұраныстың өсе беретінін еске салды. "Жыл сайын 7,5 миллион тонна астық импорттайтын Иран бағытында теміржол ашылады. Осылайша біз үшін перспективалы нарық құрылады. Сонымен қатар біздің өнімдерімізге Қытай және басқа да көршілеріміз қызығушылық танытуда", - деді Нұрсұлтан Әбішұлы.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар әлеуметтік мәселелерді де қозғады. Өңірдегі "Ақ бұлақ" бағдарламасының жүзеге асырылуына жеке тоқталды. Бүгінде облыстағы елді мекендердің 78 пайызы ғана сумен қамтамасыз етілген. Жыл сайын өңір "Ақ бұлақ" бағдарламасы бойынша 2-2,5 миллиард теңгеден астам қаржы бөледі.

Мемлекет басшысы Ресейге қарсы санкцияларға байланысты біздің экономикамызда белгілі бір қатерлер пайда болатынын айтты. "Үкімет қажетті шаралар қабылдап, жағдайдың өрістеуінің түрлі нұсқаларын қарастыруда. Елде барлық бағыттар бойынша орнықты дамуды қамтамасыз етуге септігін тигізетін мемлекеттік бағдарламалар іске асырылып жатыр. Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылу үшін біз барлығын істейтін боламыз", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Еске сала кетейік, сондай-ақ Елбасы осы аптада Қостанай облысына іссапармен барып, онда облыстық жұртшылық өкілдерімен және кәсіпкерлерімен кездескен болатын. Бұл ретте, Қазақстан Президенті Н.Назарбаев өңірде агроөнеркәсіп саласы барлық жағынан қанағаттанарлық емес екенін жеткізді. Бұл мал шаруашылығын дамытуға кесірін тигізетін, астықтың бір ғана түрінің сақталуына да қатысты. Сонымен қатар үлкен жайылымдық алқаптар бола тұра, олар тура мақсатында жартылай ғана пайдаланылады. "Облыстың әлеуеті ірі қара мал санын бүгінгі 400 мың бастан 1,5 миллионға дейін жеткізуге мүмкіндік береді", - деді Мемлекет басшысы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети