01 ақпан 2020 14:25

Елбасы РФ Үкіметінің жаңа төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: elbasy.kz Сурет: elbasy.kz

Елбасы Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшісі Ермек Көшербаевты қабылдады, сонымен қатар, Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еlbasy.kz сайтына сілтеме жасап. 


Елбасы Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшісі Ермек Көшербаевты қабылдады, сонымен қатар, Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еlbasy.kz сайтына сілтеме жасап. 

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту және Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қатынастарды нығайтудың маңыздылығына тоқталды.

Елбасы Қазақстанның интеграциялық бірлестіктер мен халықаралық ұйымдар аясындағы қызметіне қатысты мәселелерді сапалы зерттеу және қарастыру қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Михаил Мишустинмен кездесу барысында оны жауапты және маңызды лауазымға тағайындалуымен құттықтады.

"Сіз бұл қызметке өте қиын кезеңде келіп отырсыз. Қазір жағдай оңай емес. Жаңа лауазымда сіздің мол тәжірибеңіз пайдалы болады деп сенемін. Кеше Алматыда цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту мәселелерін талқыладыңыздар", - деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері Ресей Федерациясымен тату көршілік қарым-қатынас орнатқанын атап өтті.

"Мен жұмыс істеген жылдардың бәрінде Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға тырыстым. Бүгінгі таңда біздің байланыстарымыз үлгі етуге тұрарлық деп есептеймін. Алдағы уақытта да осылай болғанын қалаймын", - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Өз кезегінде Михаил Мишустин Елбасыға кездесу үшін алғыс білдіріп, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің жылы лебіздерін жеткізді.

"Мен алғашқы шетелдік сапарымды Қазақстаннан бастадым. Біздің қарым-қатынасымыз өте жақсы. Осы мүмкіндікті пайдаланып, мен Ресей Федерациясы Президентінің ең ізгі тілектерін жеткізгім келеді", - деді Ресей Федерациясының Премьер-Министрі.

Кездесу барысында тараптар Еуразия экономикалық одағы аясындағы ынтымақтастықты дамытудың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады. Сондай-ақ, инфрақұрылымды дамыту жобаларын іске асыру және құрлық елдері арасындағы сауда қатынастарын одан әрі нығайту мәселелеріне тоқталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети