11 қыркүйек 2018 18:53

Елбасы Түркістанды дамыту бойынша тапсырма берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Түркістан қаласын дамыту жөнінде кеңес өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті Түркістан қаласын дамыту жөнінде кеңес өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Жиын барысында Мемлекет басшысына Түркістан қаласын дамытудың жоспары мен перспективалары жөнінде мәлімделіп, облыс орталығын Шымкент қаласынан Түркістан қаласына көшіруге қатысты тапсырмалардың орындалуы туралы баяндалды.

"Елімізде жаңадан Түркістан облысының пайда болғаны баршаға мәлім. Бұл орынды шешім деп санаймын. Облыс орталығы енді Түркістан қаласына көшеді. Бұл - барлық жағынан да күрделі үдеріс", - деді Қазақстан Президенті.

Елбасы Қазақстан халқы үшін де, бүкіл түркі әлемі үшін де Түркістан қаласының тарихи әрі рухани мәні зор екеніне айрықша тоқталды.

"Бұл - түркі халықтарының киелі мекені. Сондықтан мұнда жұрт көп келеді. Бұл жерде көптеген танымал тұлғалар жерленген", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Кеңесте премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Маминнің Түркістан қаласының аумақтық даму тұжырымдамасы жөніндегі баяндамасы және Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың әкімшілік-аумақтық басқару органдарын жаңа облыс орталығына көшіру барысы жөніндегі баяндамасы тыңдалды. Атап айтқанда, Қазақстан Президентіне инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандар салу жоспары, сондай-ақ қаланы энергиямен және сумен қамтамасыз етуге қатысты ұсынылған шешімдер жөнінде егжей-тегжейлі мәлімет берілді.

Жиын қорытындысы бойынша Үкіметке және облыс басшылығына бірқатар нақты тапсырма жүктелді.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети