22 тамыз 2019 15:12

Елді шулатқан зорлау ісі қайта қаралатын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сергей Миронов/ © kstnews.kz Сергей Миронов/ © kstnews.kz

Қостанай облыстық соты "Тальгодағы" зорлау ісіне қатысты апелляциялық шағымды қайта қарап шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қостанай облыстық соты "Тальгодағы" зорлау ісіне қатысты апелляциялық шағымды қайта қарап шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Судья Асламбек Мерғалиев үкімді оқыды. Үкім бойынша, бірінші инстанциядағы соттың шешімі алынып тасталды. Сондықтан іс қайтадан прокуратураға жолданды.

Айта кетейік, апелляциялық сот отырысы жабық тәртіпте өтті.

Еске салайық, бұл оқиға 2018 жылдың қыркүйегінде болған. Ақтөбелік келіншек бұл оқиға жайлы әлеуметтік желіде жазып, артынша жұртты дүрліктірген еді.

Ал биыл 26 шілдеде жолсеріктерге қатысты сот үкімі шыққан еді. Жетес Үмбеталиев пен Колқанат Құрманиязов есімді жолсеріктер Қылмыстық кодекстің 120-бабы, 1-бөлігі - "Зорлау" бойынша айыпты деп танылып, екі жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Үкімді сот Оразбай Сатыбалды шығарған болатын.

"Тальгодағы" зорлау ісіне қатысты шыққан сот үкімінің заңдылығы тексеріледі

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети