26 шілде 2019 12:43

Зорлықшы жолсеріктердің оқиғасы - Судья өз үкімін түсіндірді

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайлық сот Оразбай Сатыбалды "Тальго" жолаушысын зорлаған бұрынғы жолсеріктерді неге 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айырғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қостанайлық сот Оразбай Сатыбалды "Тальго" жолаушысын зорлаған бұрынғы жолсеріктерді неге 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айырғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Іс сотқа ҚР ҚК-нің 120-бабы 2-бөлігі 1-тармағы (адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған) бойынша берілді. Оқиға былтыр 26 қыркүйкте "Астана-Ақтөбе бағытымен жүретін "Тальго" жолаушылар пойызында" болған. Алдын ала сөз байласпай адамдар тобы жасаған зорлау дегеніміз - екі орындаушының алдын ала келіспей жасаған қылмысы. Мысалы, зорлауға екі адам қатысады: біреуі ұстап тұрады, осы уақытта екіншісі зорлық-зомбылық жасайды. Аталған іс бойынша мұндай дерек анықталған жоқ, сондықтан да сотталған екі ер адамның әрекеті 1-бөлік бойынша қарапайым зорлау ретінде қайта қаралды", - деп түсіндірді судья .

Ол үкім шығару кезінде жолсеріктердің бұрын соңды сотталмағаны, тұрғылықты жері бойынша оң сипаттама алғаны және олардың біреуінің екі баласы бар екені ескеріліп, жаза жеңілдетілгенін атап өтті. Оразбай Сатыбалды істі ауырлататын мән-жайлар жоқ екенін айтты.

"Жазаға келетін болсақ, ҚР ҚК 120-бабы 1-бөлігінің санкциясы үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. Орташа ауыр қылмыс. ҚР ҚК 55-бабы, 2-бөлігі 1-тармағына сәйкес жеңілдететін жағдайлар болғанда және ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде сот осы баптың санкциясында көзделген ең жоғары мерзімнің жартысын тағайындайды, сондықтан сот 2 жыл 6 ай тағайындады. Сот шартты жаза немесе бас бостандығынан айырудан неғұрлым жеңіл жаза үшін негіздер таппады. Сотталғандар жазасын орташа қауіпсіз ҚАЖ мекемесінде өтейді", - деді судья Оразбай Сатыбалды.

Жолсеріктер өз кінәсін мойындамады, олардың айтуынша, бұл екі жақты келісім бойынша жасалған.

Еске салсақ, Жетес Үмбеталиев пен Колқанат Құрманиязов есімді жолсеріктер Қылмыстық кодексінің 120-бабы, 1-бөлігі "Зорлау" бойынша кінәлі деп танылып, екі жыл 6- айға бас бостандығынан айырылды. Үкімді сот Оразбай Сатыбалды шығарды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети