10 қараша 2014 11:45

Электр қуатымен жабдықтаушы кәсіпорынның жұмыс уақыты ұзарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Алматы өңіріндегі электр қуатын тұтынушыларға қолайлылықты арттыру үшін "АлматыЭнергоСбыт" ЖШС-і аудандық бөлімшелердің жұмыс уақытын ұзартты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі кәсіпорынның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Алматы өңіріндегі электр қуатын тұтынушыларға қолайлылықты арттыру үшін "АлматыЭнергоСбыт" ЖШС-і аудандық бөлімшелердің жұмыс уақытын ұзартты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі кәсіпорынның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Тұтынушылар өтініштерін ескере отырып, біз аудандық бөлімшелердің жұмысын 19:00-ге дейін ұзарттық. Әзірше осы жылдың аяғына дейін Іле ауданының кезекші ауысым операторлары осылай жұмыс істейді. Егер бұл пилоттық жоба сәтті жүзеге асса, өзге аудандық бөлмшелер де осы жұмыс кестесіне көшеді. Мұның бәрі азаматтарға қолайлылық туғызу үшін жасалып отыр, ал тұтынушылардан тек төлем тәртібін сақтауды сұраймыз", - дейді энергетика кәсіпорнының бас директоры Михаил Гамбургер. 

Жуырда электр энергиясымен жабдықтаушы өз тұтынушыларына Ашық есік күнін өткізді. Шара аясында компания басшылығының және энергетика саласы мамандарының қатысуымен видеоконференция ұйымдастырылды. Алматы қаласы мен облысы тұтынушыларымен жұмыс жөніндегі аудандық бөлімшелер Алматы энергетика кешенінің жауапты мамандарымен байланысқа шықты. Шалғайда орналасқан аудан тұрғындары компания басшылығына өз сауалдарын тікелей қоюға мүмкіндік алды.

Видеоконференцияның толық нұсқасы компанияның ресми сайтында жарияланатын болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети